Сүйікті нөмір

Адамның қанша досы мен танысының болуына қарамастан, әрдайым байланыста болғылары келетін басты да қымбатты адамдар саны бірнешеу ғана. «Сүйікті нөмір» қызметін қостырған activ абоненттері 3 Kcell/activ «сүйікті нөмірімен» шексіз хабарласудың қызығын көре алады!

 

  • Қызметті қосқан кезде Абонент «сүйікті нөмірге» 0 тарифі бойынша қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болады. Қызмет алғаш нөмірді «сүйікті нөмірлер» тізіміне енгізгенде қосылады;
  • Қызмет шеңберінде қосуға болатын барынша көп «сүйікті нөмірлер» саны – 3 нөмірге дейін;
  • Қызметтің абоненттік төлемі - тәулігіне 10 теңге*. Абоненттік төлем Қызмет бойынша қосылатын «сүйікті нөмірлер» санына қатыссыз алынады;
  • Әр «сүйікті нөмірді» 30 күнде 1 рет қосу тегін, 30 күнде 1 реттен артық - 99 теңге, бұл ретте 30 күндік мерзім әр «сүйікті нөмірге» соңғы қосылу сәтінен бастап есептеледі;
  • «Сүйікті нөмірді» ауыстыру қосылған «сүйікті нөмірді» жойып, жаңа «сүйікті нөмірді» қосу арқылы жүргізіледі;
  • «Сүйікті нөмірді» жою тегін жүргізіледі;
  • Қызметті өшіру барлық «сүйікті нөмірлерді» өшіру ақылы жүргізіледі;
  • Қызметті activ абоненттері пайдалана алады.

* Абоненттік төлем күнделікті алынып, тәулігіне 10 теңге құрайды. Абоненттік төлем Қызметке қосылған сәтте толық көлемде алынып, ары қарай Астана қ. уақытымен 00:00 бастап 02:00 дейінгі мерзім аралығында күнделікті алынатын болады. Егер абоненттік төлем 00:00 бастап 02:00 дейінгі аралықта теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен алынбаған болса, осы тәулік ішінде 02:00 кейін теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда абоненттік төлем толықтай алынып, Қызмет абоненттік төлемнің келесі алынғанынша көрсетіледі. Қызмет бойынша абоненттік төлемді алу үшін теңгерімде ақша қаражатының 30 күн қатарынан болмаған жағдайында Қызмет өшіріледі. Абоненттік төлем алынбаған, сондай-ақ Қызмет өшірілген жағдайда activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулардың тарифтелуі Абонентте әрекет ететін тарифтік жоспарға сәйкес жүргізіледі.

«Сүйікті нөмірлерді» басқару нұсқаулығы

Бас мәзір:

  • Мобильді телефоныңыздан *946# теріңіз

Өз «сүйікті нөмірлер» тізімін білу:

  • Мобильді телефоныңыздан *946*1# теріңіз.

«Сүйікті нөмірді» қосу (тек Kcell немесе activ):

  1. Мобильді телефоныңыздан *946*2# теріңіз;
  2. Содан кейін «сүйікті нөмірді» 77021234567 форматында енгізіңіз.

«Сүйікті нөмірді» басқасына ауыстыру:

  1. Мобильді телефоныңыздан *946*3# теріңіз;
  2. Жойғыңыз келетін «сүйікті нөмірді» 77021234567 форматында теріңіз;
  3. Жаңа «сүйікті нөмірді» 77021234567форматында теріңіз

«Сүйікті нөмірді» жою:

  1. Мобильді телефоныңыздан *946*4# теріңіз;
  2. Жойғыңыз келетін «сүйікті нөмірді» 77021234567форматында теріңіз.

«Сүйікті нөмір» қызметі туралы ақпарат алу:

  • Мобильді нөміріңізден *946*5# теріңіз.

Желі ішінде 0 теңгеден қоңырау шалу мүмкіндігін беретін тарифтік жоспарды немесе қосымша қызметтерді пайдаланушылардың Қызметті бір уақытта қосқан жағдайында Абоненттік төлем Қызмет бойынша да, тарифтік жоспар/қосымша қызмет бойынша да алынады.*

* Оператор осы үйлесімдік шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады.