Flash SMS

Flash SMS қызметі Сізге SMS хабарлама жолдауға мүмкіндік береді, оларды алғанда хабарлама мәтіні, сондай-ақ жолдаушы Абонент* нөмірі немесе Абоненттің байланыс дерегінің аты алушы абоненттің мобильді телефонының экранында көрсетіледі. Алушы абонент activ/Kcell абоненті де, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің ұялы байланыс операторларының абоненттері болуы мүмкін.

 

Қызмет шеңберінде Flash SMS-хабарлама жолдау үшін хабарлама алдында # белгісін қою қажет.

Мысалы, #Сәлем! Сәтті күн тілеймін!

Flash SMS қызметі шеңберіндегі SMS хабарлама таңбаларының саны бойынша қалыпты: бос орындарды қосқанда 160 (латын әріптерімен) және 70 (кириллица әріптерімен) таңба, солай бола тұра кейбір телефондарда SMS хабарламаның қызмет шеңберіндегі орнатылған таңба санынан асырылған жағдайда екінші және үшінші бөліктері қалыпты SMS ретінде тарифтеледі;

Flash SMS қызметі қосылуды талап етпейді және оны барлық Абоненттер пайдалана алады;

Flash SMS қызметін роумингте пайдалануға болады. Хабарламаны роумингте жолдаған кезде әр SMS-хабарлама роумингтегі қалыпты SMS хабарлама құнымен тарифтеледі.

Қызмет шеңберінде бір Flash SMS-хабарлама жолдау құны activ, Kcell абоненттеріне 7 теңге және Қазақстанның басқа абоненттеріне 12,33 теңге.

Кейбір телефон модельдерінде шектелместен iOS базасындағы смартфондарда, Flash SMS қызметінің шеңберіндегі SMS-хабарлама оны оқығаннан кейін сақталмайды. iOS базасындағы смартфондарда Қызмет шеңберіндегі SMS-хабаралма Жолдаушы Абонент нөмірі мен байланыс дерегі көрсетілместен көрінеді.