Жеке тұлғалар үшін

activ сауда белгісінің байланыс қызметтеріне қосылу үшін Сізге "Кселл" АҚ орнатқан үлгідегі Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ шарт талаптарын қабылдап, бөлініп берілген абоненттік нөмірі бар бастапқы топтама сатып алу қажет. Шарт жасасу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке куәлік немесе төлқұжат) болуы қажет.

ҚР инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 ж. №171 Бұйрығымен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес тіркеу парағын толтырғанда келесі ақпаратты көрсету қажет:

  • Т.А.Ә.
  • жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
  • ЖСН;
  • тұрғылықты жерінің мекенжайы;
  • почталық мекенжай (егер ол тұрғылықты мекенжайдан ерекшеленсе);
  • электрондық почта мекенжайы (e-mail);
  • байланыс телефоны.

Егер шарт бойынша тарабы жасы 14-18 аралығындағы кәмелетке толмаған тұлға болса, төмендегілер қажет:

  • кәмелетке толмаған тұлғаның ата-анасының, бағып алушыларының немесе қамқоршыларының біреуінің келуі немесе жазбаша келісім;
  • кәмелетке толмаған баланың туу туралы куәлігі және/немесе бағып алу туралы сот шешімі (егер баланың туу туралы куәлігіне бағып алушының мәліметтері енгізілмесе) немесе қамқорлық (қамқоршылық) орнату туралы сот шешімі;
  • нөмірді тіркеуге келісім беруші ата-ананың/бағып алушының немесе қамқоршының жеке басын анықтаушы құжаттың көшірмесі.

14 жасқа толмаған тұлғамен Келісім шарт жасасқанда, ол оның ата анасының, асырап алушысының немесе қорғаншысының атынан жасалады.

Келісім шарт жасасушы тарапының бірі ҚР резиденті болмаған жағдайда; шетелдік азаматтың төлқұжаты талап етіледі/шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұрғылықты орналасу түрі/азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі.