ИНФО Порт

ИНФО Порт – бұл осы Қызмет аясында есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібін пайдаланатын Абонент ұзақтығы 20 секундтан аспайтын, үшінші тұлғалардың дауыстық жарнамалық ролигін тыңдағаннан кейін, кез келген ұялы байланыс операторының желісіне және де Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне ұзақтығы 1 минутқа дейін бір тегін қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болатын қызмет.

Қызметті пайдаланғысы келетін абонент осы мақсатта сандардың арнайы тіркесін (төменде көрсетілгендей) тере отырып және Қызмет аясында тегін қоңырау шала отырып, өзіне Қызмет көрсетуге және де Клиенттің жарнамалық ролигін тыңдауға және жарнамалық хабарламасы бар SMS алуға өз келісімін растайды.


Қызметті пайдалану және тегін қоңырау шалу үшін Абонент келесі тіркесті теру қажет:

                       *56 тиісті DEF код көрсетілген шақырылатын абоненттің телефон нөмірі

Мысалы: *56 8 701 *** ** ** 


Осы тіркесті тергеннен кейін, Абонентке ұзақтығы 20 секундтан аспайтын үшінші тұлғалардың (Клиенттің) дауыстық жарнамалық ролик тыңдауға қойылады. Роликті тыңдағаннан кейін, Абонент белгілі бір санды 3-5 секунд басу арқылы тыңдағанын растау тиіс, сол сан роликтің аяғында оған хабарланады. Тиісті санды дұрыс және уақтылы (3-5 секунд ішінде) басқаннан кейін, Абонент шақырылатын нөмірге қосылады, қосылыс аясында Абонент ұзақтығы 1 минутқа дейін бір тегін қоңырау шалады, уақыт біткеннен кейін, қосылыс тоқтатылады.

Егер Абонент қателесіп, қате санды басып қойса, Абонентке санды қате басқаны хабарланып, қажетті санды қайта теру ұсынылады. Қайта қателескен жағдайда және/немесе санды қате тергенде, Абонент Қызмет аясында шақырылатын нөмірге қосылмайды.

Қызмет аясында Абонент шалған әрбір тегін қоңыраудан кейін, Абонентке дауыстық жарнамалық роликті қайталайтын және/немесе толықтыратын жарнамалық хабарламамен бір SMS жіберілуі мүмкін.

Қызмет қолжетімсіз кездерден басқа жағдайларда, Абоненттің шотындағы теңгерімнің сомасына қарамастан, Абонент Қызметті шектеусіз рет пайдалана алады.

Қызмет Абонентке келесі жағдайларда қолжетімсіз болуы мүмкін:

  • Клиенттің тыңдайтын дауыстық жарнамалық ролигі болмаса;
  • егер Абонент бір роликті тыңдаудың ең жоғары рұқсат етілген санына жеткен болса;
  • Абонент немесе шақырылатын нөмір роумингте болса;
  • халықаралық бағыттарға қоңыраулар үшін;
  • сандар тіркесін қате тергенде;
  • жарнамалық роликті тыңдағанын уақтылы растамау.

 Инфо Форт қызметі бойынша серіктестік шарттары туралы толығырақ мынадай байланыс нөмірлері бойынша білуге болады: 
+ 7 (727) 258 70 21
Ұялы телефоннан: Кселл абоненттері үшін 9099 (қоңырау шалу тегін) 

email@kcell.kz