Интернет +

29.08.2017ж. бастап «Интернет+» қызметтерін көрсету шарттарына өзгерістер енгізіледі..> Толығырақ
24.11.2015 жылдан бастап «Интернет +» қызметінің келесі түрлеріне Upgrade опциясын пайдалану арқылы қосу.. > Толығырақ
activ Интернеті жаңартылып, енді қолжетімдірек бола түсті, алғаш қосылудағы Welcome бонус пайда болып, бастысы ол көбейе түсті!

 

Трафик Абоненттік
төлем
Трафик
үстінен берілетін
тарифі
Welcome
бонус
Қосылу
USSD SMS
2002 нөміріне
20 MB/күн 29 ₸/тәулігіне 4 ₸/1 MB 200 MB *444*1*1*29#  20
175 MB/күн 69 ₸/тәулігіне 2 ₸/1 MB 1 750 MB *444*1*1*69#  175
300 MB/күн 99 ₸/тәулігіне 0,5 ₸/1 MB 3 000 MB *444*1*1*99#  300

Трафик қалдығын тексеру үшін:

  • *444*1*3#  теріңіз;

Қызметті өшіру үшін:

  • *444*1*4#  теріңіз;
  • 2002 нөміріне стоп немесе stop мәтіні бар SMS жолдаңыз.

Назар аударыңыз! Қызмет өшірілген кезде пайдаланылмаған трафик нөлденеді.

2017 жылдың 29 тамызынан бастап «Интернет+» қызметін алғашқы қосқан кезде Welcome-бонустың берілуі тоқтатылады;

Абоненттің Қызметке алғаш қосылған кезінде Кестеге сәйкес бонустық трафик беріледі.

Welcome бонус Абонентке Қызметке алғаш қосылған кезде ғана беріліп, Upgrade опциясын пайдаланғанда немесе Қызметті қайта қосқанда әрекет етпейді.

Welcome бонус шеңберінде берілген трафикті Қызметтің жинақталған трафигі жұмсалғаннан кейін ғана пайдалануға болады.

Welcome бонус опциясының шеңберіндегі бонустық трафик Қызмет өшірілгеннен кейін нөлденеді.

Қызмет бойынша абоненттік төлемнің алынбаған жағдайында Welcome бонус шеңберінде берілген трафик әрекеті абоненттік төлем алынғанша тоқтатылады.

Қызметтің абоненттік төлемі теңгерімнен оны қосқан кезде бірден алынады. Абоненттік төлемнің кейінгі алынуы және қызметтің толық көлемде көрсетілуі күнделікті Астана қ. уақытымен 00:00-02:00 аралығында жүргізіледі. Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болу себебімен орнатылған 00:00 бастап 02:00 дейінгі аралықта алынбаған болса, 02:00 кейін теңгерімді жеткілікті сомаға толтырған кезде абоненттік төлем толықтай алынып, Қызметпен ескерілген интернет трафик беріледі.

Қызмет бойынша жинақталған интернет-трафик оның берілген айынан кейінгі 2ші айдың аяқталуына дейін әрекет етеді, мысалы, 2015 жылдың наурызында жүктелген трафик 2015 жылдың 31 мамырына дейін, 2015 жылдың сәуірінде жүктелген трафик 2015 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді. Қызмет бойынша берілген, бірақ пайдаланылмаған трафик төмендегі жағдайларда нөлденеді:

  • Оның әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
  • Қызмет әрекеті тоқтатылғанда;
  • Қызметті көрсету шартының бұзылған жағдайында.

Алдымен Қызмет бойынша әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Бір уақытта қызметтің бір ғана түріне қосылуға болады.

Қызмет тек абоненттік құрылғыда internet қол жеткізу нүктесі реттелген жағдайда көрсетіледі.

Бір уақытта қызметтің бір ғана түріне қосылуға болады.

Тарифтеу қадамы – 1 KB.

Қосылған қызмет түріне сәйкес келетін трафик көлемінің асырылған жағдайында сервис трафигінің ақысы Кестеде көрсетілген бағаларға сәйкес алынатын болады.

Қызмет роуминг барысында көрсетілмейді. Роумингте болғанда Қызметті өшірген жөн.

Ағымдағы интернет сессия барысында іске қосылған қызмет әрекет етпейді. Осындай интернет сессия қалыпты тарифке сәйкес тарифтеледі. Екі жағдайда да ағымдағы сессияны жауып, интернетті пайдалануды қызмет іске қосылғаннан кейін жалғастырған жөн.

Ағымдағы интернет-сессия барысында қызметті өшіру мүмкін емес. Қызметті табысты өшіру үшін алдымен ағымдағы интернет сессияны жауып, содан кейін қызметті қосқан жөн.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.

Бағалардың барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген.

2017 жылдың 29 тамызынан бастап қызметтің бір түрінен екінші түріне Upgrade опциясы арқылы ауысу мүмкіндігі жабылады;

Upgrade опциясы арқылы сіз Кестеге сәйкес жинақталған трафик есебімен және қызметтер арасындағы айырмаға тең трафик көлемінің бір рет берілуімен Қызметтің бір түрінен екінші түріне ауыса аласыз. Upgrade бір реттік ақысы ҚҚС есебімен 10 теңге.

Алдыңғы
түрі
Келесі
түрі
Upgrade
ақысы
Бір рет берілетін
бонус
Іске қосу
10 MB 20 MB 10 ₸ 10 MB *444*1*5*2# 
20 MB 50 MB 10 ₸ 30 MB
50 MB 75 MB 10 ₸ 25 MB
75 MB 125 MB 10 ₸ 50 MB
125 MB 175 MB 10 ₸ 50 MB
175 MB 200 MB 10 ₸ 25 MB
200 MB 250 MB 10 ₸ 50 MB
250 MB 300 MB 10 ₸ 50 MB

Upgrade опциясын төмендегідей ретте қосуға болады:

  • *444*1*5*2#  теру;

Абоненттің Upgrade опциясын пайдаланған жағдайында Абонентке Қызмет көрсету Қызмет шарттарымен орнатылған абоненттік төлемнің келесі алынуынан бастап жалғасады. Абонентке Upgrade опциясының шеңберінде берілетін трафиктің әрекет ету мерзімі Қызмет бойынша берілетін трафиктің әрекет ету мерзіміне бара-бар.

Upgrade опциясы арқылы қызметтің үлкенірек түрінен кішірек түріне ауысу мүмкін емес.

300 MB қызмет түрі үшін Upgrade опциясын пайдалану мүмкін емес.

Upgrade опциясын 300 MB қызмет түріне ауысқанша бірнеше рет пайдалануға болады.

Қызметті төмендегі жағдайларда қосу мүмкін емес:

  • Абонентте төмендегі қызметтердің бірі іске қосылған: "Лимитсіз Интернет", "Жылдық Интернет", "Жартыжылдық Интернет", "Тоқсандық Интернет", "Мобильді Интернет +", "Бонустық Интернет", "Байланыс бар!";
  • "Келісімшарттық телефон" және "Тиімді смартфон" науқандары бойынша әрекеттегі келісімшарт бар.

Егер Абонентте "Барлығы бірге S", "Барлығы бірге M", "Барлығы бірге L", "Барлығы бірге 49", “Барлығы бәрі үшін Start”, “Барлығы бәрі үшін”, “Барлығы бәрі үшін +” тарифтерінің бірі қосылған болса, Қызмет бойынша абоненттік төлем Қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик Қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, Қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.

Егер Абонентте "Жылдық интернет+", "Сәтті SMS және Мегабайттар" қызметтерінің бірі қосылған болса, алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Қызметтердің осы үйлесімдік шарттарын Оператор толықтырып, өзгерте алады.