Kid security

Мобильді қолданба көмегімен баланың абоненттік құрылғысының қозғалысын қадағалап, оның айналасындағы дыбыстарды тыңдаңыз.

  • Картада қауіпсіз аймақтарды орнатуына және баланың оларға кіруі және шығуы туралы хабарлама алу;
  • Қозғалыстың статистикасын қарау;
  • Нақты уақытта баланың тұрған жерін алу;
  • Құрылғыға (мобильді телефондар) қатты сигнал жіберу;
  • Баланы мектеп, үй, спорт бойынша атқарған пайдалы істері үшін виртуалды монеталармен марапаттау (бала монеталарды ата-анасы беретін шын сыйлықтарға айырбастай алады);
  • Балаға ынталандырушы бейнелерді жіберу;
  • Баланың смартфонына ортатылған Қызметтің мобильді қолданбасы арқылы чатта сөйлесу;
  • Бала құрылғысының айналасына 20 секундтық дыбыстық жазба түріндегі дыбыс шығару.

Қызмет құрылғыңызда және баланың мобильді құрылғысында Интернет желісі болғанда әрекет етеді.

Функционал:

  • Картадағы Онлайн гео
  • Картада қозғалыс тарихы
  • Қосымшаларды пайдалану статистикасы
  • Бала құрылғысындағы оқиғалар желісі
  • Қауіп сигналы (SOS)
  • Қауіпсіз аймақтарды қалыптастыру
  • Бала құрылғысындағы батарея қуаты туралы хабарлау
  • Баламен чат
  • Баламен дауыстық чат
  • Балаға дыбыссыз режимде сигнал беру
  • Бала құрылғысының жанындағы дыбыстар
  • Баланың смартфонына үй, мектеп және спорт бойынша орындалған пайдалы істер үшін марапат ретінде "мақтау” мен виртуалды монеталарды жіберу.

 

Қызметке алғаш қосылған кезде Сізге абоненттік төлем алынбайтын 7 тәулік бойы Қызметті пайдаланудың байқау кезеңі беріледі.

Осы байқау кезеңі аяқталғаннан кейін күнделікті негізде абоненттік төлем алынады.

Абоненттік төлем тәулігіне 29 теңгені құрайды және жазылымды рәсімдеген абоненттің дербес шотынан күнделікті алынады.

Абоненттік төлем есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібін қолданатын абонент үшін жеткілікті теңгерім болғанда және есеп айырысудың несиелік тәртібін қолданатын абонент үшін жеткілікті несиелік лимит болғанда толық мөлшерде, сағ. 00:00-ден 23:59-ға дейін немесе байқау кезеңі берілместен қосылу мезетінде және ары қарай көрсетілген уақытта күнделікті алынады.

Сіз келесі тәсілдердің бірі арқылы қосыла аласыз:

«Kid Security» мобильді қолданбасында немесе қызметтің https://kidsecurity.activ.kz/ сайтында «Қосу» пернесін басу арқылы.

Егер абоненттің нөмірін жүйе анықтай алмаса, онда оны қолмен енгізу керек. Абонент нөміріне паролі бар SMS келеді. Егер абоненттің нөмірін жүйе анықтаса, онда қызмет автоматты түрде белсендіріледі.

  • 370 нөміріне «Старт» пәрменімен SMS-хабарлама жіберу
  • *370# пәрменінің мәзірінен «Қосу» тармағын таңдау арқылы

Қызметті өшіру үшін абонентке «Kid Security» қолданбасында баланың мобильді құрылғысын бейіннен алып тастап, 370 қысқа нөміріне «СТОП», «Стоп», «стоп», «STOP», «Stop» немесе «Stop» сөздерімен SMS жіберген жөн.

 *370#ОК пәрменінің мәзірінен «Өшіру» тармағын таңдау арқылы да өшіруге болады. Алдын ала «Kid Security» қолданбасындағы бейініңізден баланың құрылғысын жою қажет.

Назар аударыңыз! Пайдаланушының мобильді құрылғысынан «Kid Security» қолданбасын жою қызметтен бас тарту және тарифтеуді тоқтату фактісі болып табылмайды.

Қолданбаны орнату амалы - «Kid Security» қолданбасын орнатып алыңыз. ОЖ Android (4.2 жоғары) немесе iOS (10 жоғары) құрылғылары қолданылады.

Қолданбаны орнатқаннан кейін және қызметті қосқаннан соң мәзірден «Баланы қосу» тармағын таңдап, баланың құрылғысын қосыңыз.

Қолданбаға сілтемелер: