mobi kino
Фильмдер мен сериалдарды
ыңғайлы жерде көріңіз!
Толығырақ 
«Amediateka» жазылымы
Планетаның ең үздік сериалдарын бүкіл әлеммен бірге көр!

«mobi kino» жазылымы
HD сапалы топтамаларға қолжеткізу

«Таңдауға фильм» опциясы бойынша жазылымдар
«Премьералар» санатының фильмдеріне қолжеткізу
mobi kino: қызмет туралы толығырақ
Mobi Kino— бұл Megogo және Amediateka онлайн кинотеатрларының каталогтарын біріктірген, лицензиялық бейне контентті көру үшін ыңғайлы Сервис.
- Жарнамасыз қолжетімді, әлемнің жетекші кино компанияларының 6800-нан астам фильмдері мен сериалдары.
- Мобильді қосымшада және дербес компьютердің десктоп нұсқасында қолжетімді.
- «Amediateka» жазылымына кіруге алғаш 7 күн және «mobi kino» базалық жазылымына кіруге 14 күн абоненттік төлемсіз (Сынақ кезеңі) ұсынылады.
- Күн сайынғы абоненттік төлемі бар Сервиске әр қосылған жазылым үшін әр 30 күн сайын Сервис аясында 3 ГБ мобильді интернет-трафик.
- Сервиске жазылымның ақысын төлеу үшін банк картасын тіркеу қажет емес. Төлем — ұялы телефон теңгерімінен. Ыңғайлы және оңай!
«mobi kino» жазылымы — тәулігіне бар-жоғы 25 теңгеге фильмдердің, мультфильмдердің, сериалдар мен шоудың белгілі бір топтамасын ұсынатын, базалық жазылым. Сіз фильмдерді таңдаулыға қоса аласыз, өзіңізге ыңғайлы дыбыс жолы мен субтитрлерді таңдай аласыз. Кеңестер жүйесі Сіздің бағаларыңызды және көру тарихыңызды ескеріп, соның негізінде жеке Сізге арнап фильмдер топтамасын қалыптастырады.
«Amediateka» жазылымы — Amediateka ресурсының жеткізушісінің контентіне жазылым. Бүкіл әлеммен бір уақытта планетаның* ең ұздік сериалдарын көр! Жетекші студиялардың — HBO, Showtime, Starz, CBS, FOX, т.б. көптен күткен премьералары ыңғайлы мобильді қосымшада және сайтта. Енді Сіз сүйікті сериалыңыздың кезектегі сериясын өткізіп алмайсыз. «Amediateka» жазылымының абоненттік төлемі — тәулігіне 30 теңге.
*IMDb нұсқасы бойынша
«Таңдауға фильм» опциясы — Абонент таңдаған фильмге екі күндік немесе тұрақты негіздегі қолжетімділік.
- «Тұрақты қолжетімділік» — Сервистің әрекет ету мерзімі ішінде таңдалған Контенттің бір бірлігіне тұрақты қолжетімділік («Тұрақты қолжетімділік»). Абоненттің өз аккаунтын жоюы, соның ішінде абоненттік нөмірін Kcell-ден activ-ке және activ-тен Kcell-ге ауыстыруы Тұрақты қолжетімділігі бар ақысы төленген Контенттің жойылуына алып келеді. Тұрақты қолжетімділік тек Megogo ресурсының Контенті үшін ғана көзделген. Тұрақты қолжетімділік iOS-қа қосылу үшін қолжетімді болмайды.
- «2 күндік қолжетімділік» — көру үшін таңдалған Контенттің бір бірлігіне 2 (екі) күндік қолжетімділік. Контент қолжетімділік ақысын төлеген мезеттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде көре бастау үшін қолжетімді, бұл ретте, көруді бастаған жағдайда, Контент көре бастаған мезеттен бастап 48 (қырық сегіз) сағат ішінде ғана көруді жалғастыру үшін қолжетімді болады. Абоненттің өз аккаунтын жоюы, соның ішінде абоненттік нөмірін Kcell-ден activ-ке және activ-тен Kcell-ге ауыстыруы 2 күндік қолжетімділігі бар ақысы төленген Контенттің жойылуына алып келеді. 2 күндік қолжетімділік Megogo ресурсының Контенті үшін ғана қолжетімді. 2 күндік қолжетімділік iOS-қа қосылу үшін қолжетімді болмайды.
«Таңдауға фильм» опциясы бойынша жазылым түрлері |
Құны (ҚҚС-мен теңге) |
SD сапалы Контенттің бір таңдалған данасын көруге 2 күнге қолжеткізу |
190₸ |
HD сапалы Контенттің бір таңдалған данасын көруге 2 күнге қолжеткізу |
290₸ |
SD сапалы Контенттің бір таңдалған данасын көруге тұрақты қолжеткізу |
390₸ |
НD сапалы Контенттің бір таңдалған данасын көруге тұрақты қолжеткізу |
490₸ |
Есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібінде дербес шотта жеткілікті қаражат болса және есеп айырысудың несиелік тәртібінде несиелік лимит жеткілікті болса, «Таңдауға фильм» опциясы бойынша контенттің бір данасына қолжеткізу құны қосқан сәтте толық мөлшерде бір реттік төлеммен дербес шоттан алынады.
Сервис функциялары:
- Фильмдерді сапасына қарай таңдау: HD және SD;
- Контентті атауымен іздеу (әріптермен, ұқсас фильмдер тізімін таңдау);
- Көп-тілді мәзір (KZ, RU, EN);
- Жеке кабинет арқылы бір activ абоненттік нөмірімен бір уақытта бірнеше құрылғыдан (5 аспайтын) Сервистің Контентін қарау.
Сервис Android (4+) және ДК (Windows XP SP2 немесе жоғары, Mac OS X 10.4 немесе жоғары, Linux операциялық жүйелерімен) қолжетімді. iOS-та (6+) Сервис «Таңдауға фильм» опциясы бойынша қосудан басқасына қолжетімді.
- Қосу
- Қүны
- Мобильді трафик
- Өшіру
Сервиске тіркеліп, жазылымның таңдалған түрін қосып, Сервисті қосуға болады. Сервиске келесі нұсқалардың бірімен тіркелуге болады:
- mobikino.kzweb-порталында өз activ абоненттік нөміріңізді және 245 қысқа нөмірінен келген құпиясөзді енгізіп;
- Құпия сөзді абонент *245# тере отырып сұрата алады.
- AppStore немесе Google Play-ден жүктелген мобильді қосымшада өз activ абоненттік нөміріңізді және 245 қысқа нөмірінен келген құпиясөзді енгізіп;
- Немесе *606# ussd тіркесі арқылы, одан кейін, mobikino.kz web-порталына немесе Сервистің мобильді қосымшасына кіріп, activ абоненттік нөмірін және 245 қысқа нөмірінен келген құпиясөзді енгізіп, авторландыру қажет.
Әрі қарай Контентке қолжеткізу үшін Абонент мобильді қосымшада немесе Сервистің веб-порталында таңдалған жазылымды қосу қажет:
- «mobi kino» базалық жазылымы,
- «Amediateka» жазылымы,
- «2 күнге қолжеткізу»,
- «Тұрақты қолжеткізу».
Сервиске тіркелу Сервиске жазылу фактісі емес. «2 күндік қолжетімділік» және «Тұрақты қолжетімділік» үшін байқау кезеңі көзделмеген.
«mobi kino» және/немесе «Amediateka» жазылымын қосқаннан кейін, Абонентке абоненттік төлемсіз бір жолғы бір реттік қолжеткізу (Сынақ кезеңі) беріледі:
- «mobi kino» жазылымына 14 күн мерзімге;
- «Amediateka» жазылымына 7 күн мерзімге.
Сынақ кезеңі біткеннен кейін, автоматты түрде күн сайынғы абоненттік төлемі бар қосылған жазылымның күн сайынғы Абоненттік төлемі автоматты түрде алынады.
«mobi kino» және «Amediateka» жазылымын қайта қосқанда, Сынақ кезеңі берілмейді. Android және web-нұсқада (www.mobikino.kz) сервистің барлық жазылымдары мен опциялары қосу үшін қолжетімді. iOS-та «mobi kino» және «Amediateka» жазылымы ғана қосу үшін қолжетімді, сонымен қатар, Абонент бұрын қосылған «Таңдауға фильм» опциясы бойынша Контентті көру мүмкіндігіне ие.
Абоненттік төлем кестеде көрсетілген мөлшерде күн сайынғы тарифтеумен Сервистің таңдалған жазылымы үшін төлем ретінде белгіленеді:
Күнделікті абоненттік төлемі бар жазылым түрлері |
Сервистің жазылымының абоненттік төлемі (ҚҚС-мен теңге) |
---|---|
mobi kino жазылымы — күн сайынғы абоненттік төлемі бар Сервис жазылымы (MEGOGO ресурсынан Сервис Контентінің шектеулі топтамасына қолжеткізу) |
күніне 25₸ |
Amediateka жазылымы — күн сайынғы абоненттік төлемі бар Сервис жазылымы (Amediateka ресурсынан Сервис Контентінің шектеулі топтамасына қолжеткізу) |
күніне 30₸ |
«mobi kino» сервисінің «mobi kino» және «Amediateka» жазылымының абоненттік төлемі Абоненттің дербес шотынан, қаражат жеткілікті болса, бір реттік төлеммен күн сайын толық мөлшерде алынады.
Абоненттік төлем Нұр-Султан уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін толық көлемде алынады (Байқау кезеңі болса, ол аяқталғаннан немесе қосылғаннан кейінгі бастапқы алуды қоса алғанда). Егер абоненттік төлем дербес шотта қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен Нұр-Султан уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, Нұр-Султан уақыты бойынша сағат 02:00-ден кейін шот жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және Сервис келесі белгіленген абоненттік төлем алынғанға дейін, тиісті көлемде ұсынылады.
Абоненттік төлемді уақтылы төлеу Сервистің таңдалған түрі бойынша Контентті көру үшін міндетті шарт болып табылады.
60 күн ішінде (Сынақ кезеңін есептемегенде) абоненттік төлем алынбаған жағдайда, «mobi kino» және/немесе «Amediateka» жазылымы сөндіріледі. Мұндай жағдайда жазылымды қалпына келтіру үшін абонент Сервистің таңдалған түрін қайта қосу тиіс.
Мобильді интернет-трафикті жұмсау:
Күн сайынғы абоненттік төлемі бар әрбір қосылған жазылым үшін Абонентке әр 30 күн сайын 3 Gb интернет-трафик беріледі, оны жазылымды қосқан сәттен бастап, 30 күндік кезең ішінде Сервис аясында ғана пайдалануға болады. Сервис аясында берілген интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі келесі кезеңге өтпейді.
HD сапалы «Таңдауға фильм» бойынша Контенттің әрбір қосылған данасы үшін Абонентке 1Gb интернет-трафик беріледі, оны қосқан сәттен бастап, 30 күндік кезең ішінде Сервис аясында ғана пайдалануға болады. Сервис аясында берілген интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі келесі кезеңге өтпейді.
SD сапалы «Таңдауға фильм» бойынша Контенттің әрбір қосылған данасы үшін Абонентке 500 мб интернет-трафик беріледі, оны қосқан сәттен бастап, 30 күндік кезең ішінде Сервис аясында ғана пайдалануға болады. Сервис аясында берілген интернет-трафиктің пайдаланылмаған көлемі келесі кезеңге өтпейді.
Сервистің бірнеше жазылымдарын қосқанда, Абонентке Сервис аясында берілетін интернет-трафик көлемі жинақталып, Абонент Сервисті пайдаланғанда, қолданылады.
Абонент Сервис аясында берілген мобильді интернет-трафиктен асқанда, келесі интернет-трафик көлемі Абоненттің тарифтік жоспарының шарттарына сәйкес жұмсалады (бонустар болса, бонустардан немесе тарифтік жоспарда белгіленген тарифтер бойынша) және қосылған қосымша интернет-топтамаларға, тарифтік жоспар мен осындай интернет-топтамалардың үйлесімділік шарттарына сәйкес жұмсалады.
Қалған жағдайларда, Абоненттің (activ абонентінің) кіріс және шығыс интернет-трафигі Абонентте белгіленген тарифтерге сәйкес тарифтеледі.
Абонент басқа интернет-операторлардың интернетін пайдаланғанда, кіріс және шығыс интернет-трафик осы басқа операторлардың белгіленген тарифтеріне сәйкес тарифтеледі.
Сервис Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды және роумингте жарамсыз.
Абонент роумингке шыққан жағдайда, Сервис үшін Абоненттік төлемнің алынуын болдырмау мақсатында Оператор Сервистің қосылған жазылымдарын өшіруге кеңес береді.
Сервисті сөндіру
- *606#OK USSD тіркесі арқылы;
Күн сайынғы абоненттік төлемі бар Сервистің жазылымын оператор біртарапты тәртіпте Абонент жазылым және сервисті ұсыну ережелерін, соның ішінде Сервистің күнделікті абоненттік төлемін 60 күн қатарынан төлемеген жағдайда, бір жақты тәртіпте жүзеге асырады.
Абонент нөмірін Kcell —ден activ-ке және activ-тен Kcell-ге аударғанда, Абонент Сервисті қайта тіркеліп, Сервис жазылымын қосу қажет.
Сервиске жазыла отырып, Абонент Сервис бойынша жарнамалық-ақпараттық таратылымдарды алуға келіседі.
Сервисті Оператор Әріптеспен шарт тоқтатылған және/немесе Әріптеске құқық иеленушілердің Контентке құқықты беру мерзімі өткен жағдайда жоя алады.
Сервис, Интернет желісі болса ғана, беріледі. mobi kino сервисі activ абоненттеріне контентке қолжеткізуді ұсынады. Сервистің контенті мен оған қызмет көрсетуді «МЕГОГО Казахстан (МЕГОГО Қазақстан)» ЖШС жүзеге асырады. «МЕГОГО Казахстан (МЕГОГО Қазақстан)» ЖШС Сервисте қолданылатын зияткерлік меншік құқығына қатысты мәселелерді реттеу, абоненттерге Сервисті ұсыну мазмұны, сапасы және жеделдігі үшін толық жауапкершілікті өз бетімен көтереді.