Соңғы жасырын нөмір
Соңғы жасырын нөмір
Егер сіз өзіңізге жасырын нөмірден кімнің қоңырау шалғанын білгіңіз келсе, "Соңғы жасырын нөмірді анықтаушы" қызметін пайдаланыңыз.
- Қосылу
- Шарттар
- Құны
Қызметті пайдалану үшін *556# USSD-сұранымын жолдап, шыққан мәзірден "1. Иә" тармағын таңдау немесе *556*1# тікелей сұранымын жолдау қажет.
- Техникалық ерекшеліктерге байланысты жасырын нөмірді анықтау 15 минутқа дейін кешіктірілуі мүмкін. Осыған байланысты осы қызметті жасырын нөмір түскеннен кейінгі 15 минут өткен соң пайдаланған жөн.
- Соңғы жасырын нөмірді осы жасырын нөмірден қоңырау түскен күннен кейінгі 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде анықтауға болады.
- Жасырын нөмірді абоненттер арасындағы қосылыстың орын алған жағдайында да, орын алмаған жағдайында да, сондай-ақ Абоненттің "Әрдайым байланыста", "Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме", "Мен байланыстамын" қызметтерін пайдаланған жағдайында және Абонентте желі ішіндегі басқа нөмірге бағыттау орнатылған жағдайда да анықтауға болады.
- Жасырын нөмірдің табысты анықталған жағдайында жолданған жасырын нөмір осы қызметтің деректер қорынан жойылады.
- Қызметті роумигте пайдалану мүмкін емес.
Соңғы жасырын қоңырау нөмірін анықтау құны ҚҚС есебімен 200 теңге.
Қызмет тек табысты көрсетілген жағдайда ғана тарифтеледі. Сұранымдарды жолдау тегін.