Заңды тұлғалар үшін

activ сауда белгісінің байланыс қызметтеріне қосылу үшін Сізге "Кселл" АҚ орнатқан үлгідегі Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ шарт талаптарын қабылдап, бөлініп берілген абоненттік нөмірі бар бастапқы топтама сатып алу қажет.

Шарт жасасу үшін төмендегілерді ұсыну қажет:

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
  2. Eгер заңды тұлға ҚҚС төлеушісі болса, қосымша құн бойынша есепке тұрғаны туралы куәлік көшірмесі;
  3. Заңды тұлғаның бірінші басшысы бекіткен және заңды тұлға мөрі қойылған толтырылған тіркеу формасы. Тіркеу формасына басқа уәкілетті тұлға қол қойған жағдайда сенімхат көшірмесін ұсыну қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысымен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес тіркеу парағын толтырғанда келесі ақпаратты көрсету қажет:

  1. Заңды тұлға атауы;
  2. Компанияның заңды мекенжайы;
  3. Шот фактураларды жеткізу мекенжайы;
  4. Электрондық почта мекенжайы (e-mail);
  5. Байланыс телефоны;
  6. Банктегі есепшот;
  7. Компания басшысының немесе байланысушы тұлғаны Т.А.Ә.
Абоненттерге ұялы байланыс қызметін көрсету, ұялы байланыс қызметін көрсету туралы Келісім шарт шарттарына сәйкес көрсетіледі.