Ағымдағы теңгерім

«Ағымдағы теңгерім» қызметі Сізге шынайы уақытта өзіңіздің ұялы шотыңыздың қалпын тікелей телефон бетінен көруге мүмкіндік береді! Шот қалпы өзгерген кезде, ұялы телефон бетінде көрінетін теңгерім оператордың биллинг жүйесінде деректер жаңартылғанда автоматты түрде өзгереді, осылайша Сіз еш қосымша әрекет жүргізбестен ақшалай қаражат шығындарын бақылай аласыз.

Белсеңді интернет-сессия уақытында «Ағымдағы теңгерім» қызметі бойынша көрсетілетін теңгерім мәндері кешігумен жаңартылуы мүмкін.

 

Абоненттік төлем – 30 күн қызметті ұсынуға 99 теңге. Қызметтің абоненттік төлемі әр 30 күн сайын автоматты түрде алынады.

Абоненттік төлем Астана уақытымен 00:00-ден 02:00-ге дейін алынады. Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражат жеткіліксіз болғандықтан, 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, онда қызмет теңгерімді жеткілікті сомаға толтыруды күту жағдайына көшеді, одан кейін, абоненттік төлем толық көлемде алынады. Сөндіруге тисті сұранымды жібергенде ғана, қызметті сөндіруге болады.

Қызметті басқару үшін *121# теріп. Ары қарай мәзір арқылы Сіз қызмет туралы ақпарат алып, телефоныңыз бен SIM карта осы қызметті қолдайтынын не қолдамайтынын біле аласыз, қызметті өшіре немесе қоса аласыз.


Тікелей пәрмендер:

*121*1# – қызмет туралы ақпарат алу;

*121*2#– қызметті пайдалану мүмкіндіктерін тексеру;

*121*3# – қызметті қосу;

*121*4# – қызметтен бас тарту.

 

Kөрсетілген пәрмендер тарифтелмейді.

Назар аударыңыз! Қызметті өшірмес бұрын міндетті түрде телефоныңыз бен SIM-картаңыздың осы сервис түрін қолдау-қолдамайтынын тексеріңіз. Тексеру үшін *121*2# теріп.