activ-тен миллион!

Брендтің 20 жылдығына орай activ абоненттерінің арасында 100 мың теңгеден 30 жүлде және бір супер-жүлде 1 миллион теңге ойнатуда!

Ұтыс ойындарына қатысыңыздар! Бұл өте оңай:

  • *720*1#OK USSD-мәзір немесе «Менің activ» қолданбаларында тегін теркеліңіздер*

Жүлделерді ойнату сәтінде:

  • Нөміріңіз «Супер Комфорт» XS, S, M, L немесе Promo тарифтік жоспарына қосылған, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған болуы тиіс (абоненттік төлем алынған сәттен бастап ұтыс ойыны өткізілгенге дейін 28 күннен астам өтпеген).
  • Егер сіз «Келісімшарттық телефон» науқанына қосылған болсаңыз, «Келісімшарттық телефоныңыз» бойынша ай сайынғы төлем ұтыс ойыны өткізілетін сәтте алынған болуы жеткілікті.

Жүлделерді ойнату кестесі:

  • 05.11.19 — 100 мың теңгеден 6 жүлде
  • 12.11.19 — 100 мың теңгеден 6 жүлде
  • 19.11.19 — 100 мың теңгеден 6 жүлде
  • 26.11.19 — 100 мың теңгеден 6 жүлде
  • 03.12.19 — 100 мың теңгеден 6 жүлде
  • 10.12.19 — супер-жүлде 1 миллион теңге

Науқан жеңімпаздары науқан шарттарына сәйкес келетін қатысушылардың тізімінен кездейсоқ тәртіппен анықталады.

Назар аударыңыз! Жеңімпаздармен қызметкерлеріміз ұтыс ойынынан кейінгі келесі күні хабарласады. Қоңырауымызды жіберіп алмаңыз. Сәттілік тілейміз!

«activ-тен Миллион» науқанының бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

100 000 теңге көлеміндегі 6 ақшалай сыйлықтың иелері:

  • +7 XXX XXX 1828 — Ақтөбе
  • +7 XXX XXX 2814 — Қарағанды
  • +7 XXX XXX 0408 — Көкшетау
  • +7 XXX XXX 7211 — Алматы
  • +7 XXX XXX 1039 — Нұр-Сұлтан
  • +7 XXX XXX 6225 — Алматы облысы

«activ-тен Миллион» науқанының екінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

100 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлденің бақытты иегерлері болған:

  • +7 XXX XXX 7257 — Қарағанды обл.
  • +7 XXX XXX 7302 — Ақмола обл.
  • +7 XXX XXX 9029 — Алматы обл.
  • +7 XXX XXX 0504 — Жамбыл обл.
  • +7 XXX XXX 7284 — Орал қ.

«activ-тен Миллион» науқанының үшінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

100 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлденің бақытты иегерлері болған:

  • +7 XXX XXX 2448 — Almaty region
  • +7 XXX XXX 1523 — Kyzylorda region
  • +7 XXX XXX 9184 — Atyrau
  • +7 XXX XXX 2849 — Semey
  • +7 XXX XXX 1986 — Kyzylorda
  • +7 XXX XXX 3941 — Karaganda

«activ-тен Миллион» науқанының төртінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

  1. +7 XXX XXX 4042 Маңғыстау обл.
  2. +7 XXX XXX 2055 Алматы обл.
  3. +7 XXX XXX 9775 — Қызылорда обл.
  4. +7 XXX XXX 6354 — Павлодар қ.
  5. +7 XXX XXX 2570 — Орал қ.
  6. +7 XXX XXX 5124 — Атырау қ.
  7. +7 XXX XXX 6529 — Атырау қ.

 «activ-тен Миллион» науқанының бесінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

  1. +7 XXX XXX 4935 — Қызылорда обл.
  2. +7 XXX XXX 2639 — Қарағанды обл.
  3. +7 XXX XXX 2085 — Қызылорда обл.
  4. +7 XXX XXX 5151 Ақтау қ.
  5. +7 XXX XXX 7133 Атырау қ.
  6. +7 XXX XXX 9224 Нұр-Сұлтан қ. алады.
  1. «activ-тен Миллион» науқаны (бұдан былай — Науқан) 30.10.2019 жылдан бастап 10.12.2019 жылға дейінгі мерзім аралығында өткізіледі.
  2. Науқанға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары немесе қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар шетел азаматтары, жеке тұлға ретінде нөмірді өз аттарына тіркеген activ абоненттері қатыса алады. Науқанға «Кселл» АҚ жұмыскерлері/қызметкерлері болып табылатын абоненттер, оларды жақын туыстары (әйелі/күйеуі, ата-анасы (әкесі не шешесі), қызы, ұлы, асырап алғандар, асыранып алынғандар, бір туған және әкесі не шешесі бір аға-інілері, әпке-сіңлілері, әжесі, атасы, немерелері қатыстырылмайды. Науқанға қатыса отырып, абонент науқан шарттарымен толық келіседі. Шарттарды Оператор бір жақты тәртіпте өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.
  3. Науқанның жүлде қоры — 4 миллиона теңге (100 мың теңгеден 30 жүлде және 1 супер-жүлде 1 миллион теңге).
  4. Науқанды өткізу кезеңінде 6 ұтыс ойыны өткізіледі: 5 ұтыс ойыны өтеді, олардың әр қайсысында 100 мың теңгеден 6 жүлде ойнатылады: 05.11.19, 12.11.19, 19.11.19, 26.11.19, 03.12.19 және супер-жүлде 1 млн теңге- 10.12.19 ойнатылады.
  5. Ұтыс ойыны ұтысты өткізу сәтінде келесі талаптарға жауап беретін абоненттер арасында өткізіледі:
    1. Егер абонент «Келісімшарттық телефондар» науқанының қатысушысы БОЛМАСА
      • Абонент Науқанға *720# USSD-мәзірі немесе «Менің activ» қолданбасы арқылы тіркелсе (толығырақ 6-7-тармақта)
      • Абонент Супер Комфорт XS, Супер Комфорт S, Супер Комфорт M, Супер Комфорт L, Супер Комфорт Promo тарифтік жоспарлардың біріне қосылған. Супер Комфорт тарифтік жоспары бойынша абоненттік төлем алынған (яғни ұтыс ойыны сәтінде 28 күннен астам өтпеген)
    2. Егер абонент «Келісімшарттық телефондар» науқанының қатысушысы болса:
      • Абонент Науқанға *720# USSD-мәзірі немесе «Менің activ» қолданбасы арқылы тіркелсе (толығырақ 6-7-тармақта)
      • Келісімшарттың телефон бойынша ай сайынғы төлем алынған.
  6. Науқанға қатысу үшін 30.10.2019 жылдан бастап 09.12.2019 жылға дейін (қоса алғанда) тіркелуге болады.
  7. Науқанға қатысу үшін кез келген activ тарифтік жоспарының абоненті *720# USSD мәзірі немесе «Менің activ» қолданбасы арқылы тіркеле алады. Абонентке оның тұтастай Науқан мерзімінде Науқанға қатысушы ретінде тіркелгенін растайтын СМС жолданады. Тарифтік жоспарды ауыстырған, абоненттік төлемнің/ай сайынғы төлемнің алынған кезінде, сондай-ақ әр жүлденің ұтыс ойыны алдында қосымша тіркелудің қажеті жоқ. Абонент өз тіркемесінің қалпын өз бетінше *720*2# теру арқылы тексере алады.
  8. Науқан жеңімпаздары randomus.ru кездейсоқ сандардың генератор-сайты арқылы Науқанның 2 және 5 тармақтарындағы тиісті шарттарға сәйкес қатысушылардың тізімінен кездейсоқ тәртіппен анықталады. Алғашқы 5 ұтыс ойынында 6 жеңімпаздан (+10 резервті нөмір), супержүлде ұтыс ойынында — 1 жеңімпаз (+10 резервті нөмір) анықталады.
  9. Дерекқордан түсіру және жеңімпаздарды анықтау жауапты қызметкерлерден тұратын Комиссияның бақылауымен жүзеге асырылады. Әр ұтыс ойынының нәтижелері Комиссия мүшелерімен қол қойылған Ұтыс ойынының хаттамасында тіркеледі.
  10. «Кселл» АҚ өкілдері науқан жеңімпаздарымен науқанға қатысқан абонент нөміріне қоңырау шалу арқылы ұтыс туралы хабарлама ойнатылғаннан кейінгі күні ұтыс туралы хабарлау, нөмірдің осы абонент атына тіркелгенін растау, жүлдені алуға келісім алу, жүлдені алу мақсатындағы келесі әрекеттер туралы мәлімдеу үшін хабарласады.6 жеңімпазға 3 сағат ішінде Нұр Сұлтан қ.уақыты бойынша 09:00-ден 12:00-ге дейін 3 қоңырау шалынады. Егер абоненттердің бірін алу мүмкін болмаса немесе жазылып жатқан әңгіме барысында абонент ұтыстан бас тартса, ол жеңімпаздар тізімінен шығарылады және келесі 3 сағат ішінде (Нұр -Сұлтан қ.уақытымен 12:00-ден 15:00-ге дейін) 6 жеңімпаз — жүлдегердің тізімін құру үшін резервтік нөмірлер тізіміндегі келесі абоненттерге қоңырау шалынады. Егер абонентті алу мүмкін болмаса және екінші топтан кейін резервтік нөмірлер тізіміндегі келесі нөмірлерге Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін қоңырау шалынады.
  11. Жүлдені алу үшін жеңімпаз Компания өкілі қоңырау шалған сәттен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде (қоңырау түскен күнді қосқанда) ЖСН көрсетілгенжеке куәліктің түпнұсқасын Kcell Center-ге немесе Kcell Store-ға немесе оның өкілеттігін растайтын нотариалды куәландырылған сенімхатпен уәкілетті өкіл арқылы беруі керек. Бұл жағдайда жеңімпаз нөмірі жеңімпазға тиісті түрде тіркелген болуы тиіс. Егер нөмір басқа тұлға атына тіркелген болса, жеңімпаз оны Компанияның қолданыстағы тәртібіне сәйкес көрсетілген мерзімде қайта тіркеуі керек. Жеңімпаз сонымен қатар жүлдені алуға келісім нысанына қол қояды.
  12. Жүлдеге өтініш бермеген және/немесе 11-тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда жеңімпаз жүлде алу құқығынан айырылады, жүлдені жүлдегер талап етпеген болып саналып, ол оны болашақта талап ете алмайды. Компания мұндай жүлдені өз бетімен пайдалануға, оның ішінде осы жүлдені келесі аптаға ауыстыруды немесе 8 және 9-тармақтардың талаптарына сәйкес қосымша ұтыс ойынын өткізуге құқылы.
  13. Тіркеуді растаған және құжаттарды 11-тармақта көрсетілген мерзімде тапсырған ұтыс жеңімпаздары жүлдегер атанады. Жүлденің мөлшері көрсетілген жүлде алушы жеңімпаздар тізімі Ұтыс жеңімпаздарының хаттамасымен бекітіліп, оған Комиссия мүшелері қол қояды. Жеңімпаздардың нөмірлері (санның соңғы төрт саны) ұтыс ойынынан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей activ.kz сайтында жарияланады.
  14. Ұтыс жеңімпаздарының хаттамасындағы жеңімпаздардың нөмірлері бұдан кейінгі ұтыс ойындарынан шығарылады.
  15. Жүлде ұтыс нәтижелері сайтта жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде жеңімпаздың науқанға қатысқан абоненттік нөміріне аударылады.
  16. Компания Науқанның жүлделерін жеңіп алған тұлғалардың жүлделерді алған сәттерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес пайда болатын салықтың уақтылы есептілігі мен төленуі үшін бюджет алдында жауап береді. Науқанға қатысушылардың жүлделерді алуына байланысты туындауы мүмкін болатын, Бұйрықта көрсетілмеген барлық төлемдерді Науқан жүлдесін/жүлделерін алған Науқанға қатысушылар өз беттерінше төлеуі керек, Компания Науқанға қатысушылардың қандай да бір шығындары мен шығыстары үшін жауап бермейді.

* Науқанға қатысу үшін 30.10.2019 жылдан бастап 09.12.2019 жылға дейін (қоса алғанда) тіркелуге болады. Науқанға кез келген activ тарифтік жоспарындағы абонент тіркеле алады. Тарифтік жоспарды ауыстырған, абоненттік төлемнің/ай сайынғы төлемнің алынған кезінде, сондай-ақ әр ұтыс ойыны алдында қосымша тіркелудің қажеті жоқ. Тіркемеңіздің қалпын тексеру үшін *720*2#OK теріңіз.