Қоңыраулар туралы мәлімдеме

Сіз осы қызметті пайдалана отырып, таныстарыңыз бен достарыңыз сіздің қызмет көрсету аясынан тыс болғандағы немесе ұялы телефоныңыздың сөндірулі кезінде сізге соңғы 24 сағаттың ішінде кім қоңырау шалғанын біле аласыз. Телефоныңызды қосып, қызмет көрсету аясына енгеннен кейін Сіз қоңырау шалған адамдардың нөмірлері, уақыты мен күні* көрсетілген жауапсыз қалған қоңыраулар тізімі бар қысқа хабарлама (SMS) аласыз.

Осы қызметке қосылу үшін телефонда қоңырауларды «байланыс аясынан тыс жерде немесе сөндірулі» опциясымен 2050 нөміріне бағыттау қажет (реттеулер телефон үлгісіне байланысты түрлі болып келеді). Қызметтен дәл осы жолмен, яғни қайта бағыттауды 2050 нөмірінен алып тастау арқылы бас тартуға болады.

Осы қызметті пайдалана отырып, сіз сондай-ақ өзіңізге хабарласқан абонентке «Автоматты қоңырау шалу» қызметін пайдалану мүмкіндігін бересіз, бұл қызмет оған тапсырыс берілген және сіздің 2 сағат ішінде кіріс қоңырау шалу үшін қызмет аясында болған жағдайыңызда сіздің желіге шыққаныңыздан кейін сізді автоматты түрде қосады.

Мобильді телефондағы қоңырауларды бағыттауды сәйкес пәрменді тікелей теру арқылы орнатуға болады:

2050 нөміріне «бос емес» қалпындағы бағыттауды орнату үшін төмендегіні теріңіз: **67*2050#.

2050 нөміріне «қамту аясынан тыс жерде/ телефон сөндірулі» қалпындағы бағыттауды орнату үшін төмендегіні теріңіз: **62*2050#.

Қызметтен бас тарту үшін ##002# теріңіз.

«Қамту аймағынан тыс/телефон өшірулі» шарты бойынша қызметтен бас тарту үшін *162# пәрменін теру қажет.