Өз нөміріңмен activ-ке көшу
С других операторов
- 1 ҚАДАМ
- 2 ҚАДАМ
- 3 ҚАДАМ



FAQ
- MNP деген не?
- Нөмірдің қай операторға тиесілі екенін қалай білуге болады?
- Маған қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін бе?
- Қай тарифті таңдаймыз?
MNP деген не?
MNP қызметі (Mobile Number Portability, мобильді нөмірді аудару) қолданыстағы мобильді нөмірді сақтай отырып, абонентке ұялы байланыс операторыны ауыстыруға мүмкіндік береді.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Кселл» АҚ желісінде қолжетімді. Нөмірді аудару процесі операторда Kcell Center абоненттік бөлімшелерінде және Kcell Store дүкендерінде абоненттің өтінімінің негізінде жүзеге асырылады. Абоненттің қолында жеке куәлігі болу тиіс.
Нөмірдің қай операторға тиесілі екенін қалай білуге болады?
Кселл нөмірінен тексеру үшін: өз ұялы құрылғыңызда *199#ОК тіркесін теріңіз және дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Нөмірді тексеру қызметі тегін көрсетіледі.
Маған қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін бе?
Нөмірді аудару қызметін көрсетуден бас тартуды болдырмау үшін алдыңғы операторыңызда байланыс қызметі үшін қарызыңыз немесе абоненттік құрылғыны сатып алу бойынша міндеттемелер жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Оған қоса, нөмір алдыңғы операторда бұғатталмаған болу тиіс, ал өтінімдегі деректер нөмірдің ағымдағы иесі туралы деректерге сай келу тиіс.
Нөмірді аудару мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
Нөмірді аудару қызметі абонентке 60 күнтізбелік күнде бір реттен жиі берілмейді.
Қай тарифті таңдаймыз?
Тарифті Компанияның қолданыстағы тарифтерінен таңдай аласыз. Біз интернет-трафик, SMS-хабарламалар және қоңыраулар сияқты қажетті қызметтерді қамтитын тарифтерді қосуға кеңес береміз.
Біздің байланыс деректеріміз бен мекенжайларымыз.
С Kcell

1 ҚАДАМ
Нөміріңіздің дұрыс рәсімделгеніне, бұғатталмағанына және қарызының жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз

2 ҚАДАМ
Біздің компанияның кеңсесіне шартқа отыру үшін жеке куәлікпен келіңіз

3 ҚАДАМ
Құттықтаймыз! Бәрі оңай
- Толығырақ _Подробнее_
- Бұл қызметті 60 күнтізбелік күнде кем дегенде 1 рет, сондай-ақ, жаңа Kcell нөміріне тіркелгеннен кейін 60 күнге дейін қолдануға болмайды.
- Бұл қызмет нөмірі жеке тұлғаға тіркелген абоненттерге ғана қолжетімді.
- Нөмірді ауыстыру кезінде баланс 0-ден төмен болмауы тиіс.
- Абоненттік нөмірді аудару үшін, жаңа тауарлық белгімен қызмет көрсетуді жалғастыру үшін тиісті тіркеу формасына қол қою қажет және сим-картаны ауыстыру керек. Сим-картаны ауыстыру қызмет көрсету талаптарына сәйкес тегін жүргізіледі.
- Нөмірде жұмыс істеген барлық қосымша қызметтер, бонустық және акциялық ұсыныстар абоненттік нөмірді аударған сәттен бастап тоқтайды. Корпоративтік топқа кіретін кcell нөмірін аctiv-ке аударған жағдайда аталған нөмір корпоративтік топтан шығарылады. Есептеуі кредиттік тәртіппен жүргізілетін кcell нөмірін activ-ке ауыстырғанда абонентке қызмет көрсету есептеудің аванстық тәртібімен жалғаса береді.
- Абоненттік нөмір « Роуминг клуб« бонустық бағдарламасының қатысушысы болған жағдайда абоненттік нөмір ауыстырылғаннан кейін аталған бағдарламадағы тіркеуді жаңарту қажет, бұл ретте абонентпен жинақталған барлық ұпайлар нөмір ауыстырылғанға дейін сақталады.
- Егер абоненттік қондырғыны сатып алу акциялары бойынша абоненттің келісімшарты болса, аталған қызмет алынып тасталады. Мұнда « Контрактты телефон» және басқалар қосылады, бірақ шектелмейді. Абоненттік нөмірді ауыстырмай және келісімшартты бұзбай тұрып, келісімшарт бойынша тиісті соманы толықтай төлеген жағдайда абонент « ; Қызмет көрсетудің тауарлық белгісін өзгерту» қызметін пайдалана алады.
- Егер абоненттік нөмір бойынша қызмет көрсету тоқтатылса, аталған қызмет алынып тасталады.
- Егер нөмір ауыстырылғанға дейін абонент роумингте болса, Kcell абонентіне аталған қызмет қолжетімсіз.
Нөмірді кcell-ден activ-ке аударғанда бонустық трафиктің көлемі төмендегі кестеге сай тоқтатылады. Абонентке бонустық трафик нөмір ауыстырылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде аударылады. Бұл жайында абонент SMS арқылы хабарланады. Бонустық трафикті аударғанға дейін пайдаланылатын қызмет тарификациясы таңдалған тарифтік жоспармен/немесе қосылған қосымша қызметтер тарифі бойынша жүргізіледі.
Нөмірді аудару кезінде Kcell нөмірінде болған қосымша қызметтер |
Абоненттік нөмірді аctiv-ке аударғаннан кейін пайдалану үшін есептелетін бонустық трафик |
«SMS пакеттер» (50 SMS, 100 SMS, 300 SMS) |
Қолданыстағы қызметке сәйкес қызмет мерзімі бойынша SMS қалдығы. Бонустың қызмет мерзімі нөмірге бонус аударылғаннан бастап есептеледі. |
«Жылдық Интернет», «Жарты жылдық Интернет», «Тоқсандық интернет» |
Оның қызмет мерзімі талабына сәйкес қызмет бойынша интернет трафиктің қалдығы. |
«Мобильдік интернет плюс» 10МБ, 20МБ, 40МБ, 100МБ |
Жинақталған, бірақ 90 күнге дейін қызмет мерзімі талабы бойынша нөмірді аудару мерзіміне дейін пайдаланылмаған интернет-трафигі. Бонустың қызмет мерзімі нөмірге бонус аударылған сәттен есептеледі. |
«Лимитсіз интернет» Смартфон L, Смартфон XL, Планшет L, Планшет XL, Модем L, Модем XL; |
Қолданыстағы талапқа сәйкес қызмет мерзімінде пайдаланылмаған интернет-трафик. Бонустың қызмет мерзімі Абонентке бонус аударылған сәттен есептеледі. |
«500 теңгеге 500 минут» |
Қолданыстағы талапқа сәйкес қызмет мерзімі қызмет көрсету бойынша минут қалдықтары. Бонустың қызмет мерзімі бонусты аударған сәттен есептеледі. |
- Аctiv абоненті шектеусіз интернет-трафигі көлемін ұсынатын интернет қызметіне қосылған жағдайда оған бонустық интернет-трафигі қолжетімсіз.
- Аctiv абоненті желі ішінде қоңыраулар мен SMS, мобильдік интернетті ұсынатын тарифтік жоспарлардың біріне қосылса, онда бірінші кезекте тарифтік жоспардағы трафик шығындалады. Содан кейін ғана бонустық трафик алынады.
- Аctiv абоненті желі ішінде минуттар мен SMS-ті, мобильдік интернетті пайдалану бойынша басқа қосымша қызметке қосылса, онда бірінші кезекте қызмет мерзімі ең аз трафик шығындалады.