Мобильді көмек

Теңгерім аяқталып, оны толтыруға уақыт жоқ па? "Мобильді көмек" арқылы досыңыздан көмек сұраңыз немесе оған өзіңіз көмектесіңіз.

Енді «Мобильді көмек» қызметі арқылы сіз «Экстра Теңгерім» және «Авто Экстра Теңгерім» қызметтері бойынша қарызды өтей аласыздар. Абонент бұғаттаулы болған кезде егер қарыз 5 күн ішінде өтелмесе, *141# пәрменін пайдалану мүмкін болмайды. Бірлік жолдау үшін бірлік аударатын нөмірден *143# пәрменін теру қажет.

Берілетін теңгерім сомасы* Қызмет құны*
50 - 199 теңге 30 теңге
200 - 499 теңге 40 теңге
500 - 1499 теңге 50 теңге
1500 - 2000 теңге 60 теңге

* ҚҚС есебімен
Қызмет құны жіберілетін бірліктер мөлшерінен шығарып алынады.


 

Бірліктерді жіберу үшін:

  • *143# теру.
  • Бірліктерді жіберу қажет абоненттің нөмірін енгізу.
  • Берілетін бірліктердің санын енгізу - қызмет құнының есебімен 50-2000 аралығында.
  • Бірліктердің жіберілгендігін растайтын SMS-хабарламаны күту қажет.

Басқа activ абонентінен бірліктер сұрау үшін:

  • *141# теру.
  • Бірліктерді сұрау қажет абоненттің нөмірін енгізу.
  • Сұралатын бірліктердің сомасын енгізу - қызмет құнының есебімен 50-2000 аралығында.
  • Бірліктердің жіберілгендігін растайтын және жеке шоттағы сомамен SMS хабарламаны күту қажет.

Сұраныс келген жағдайда бірліктерді жіберу үшін:

  • Бірліктерді жіберу туралы сұраныспен SMS-хабарламаны күту.
  • Бірліктерді жіберу жүйесіне өту үшін *142# теру, онда қабылдайтын абонент нөмірі мен бірліктер мөлшері көрсетіледі.
  • Бірліктерді жіберуге келісімді растау немесе жіберуден бас тарту.
  • Бірліктердің жіберілгендігін растайтын және жеке шоттағы сомамен SMS-хабарламаны күту қажет.

Бірліктерді беретін абоненттің бірліктерді беруі үшін дербес шотында кем дегенде 50 теңге болуы тиіс, олар абоненттің дербес шотынан толықтай алына алады.

Бірліктерді жіберуге қабылдаушы абоненттің сұранысы ол сұранысы бар SMS хабарлама жіберген кезден бастап 24 сағат бойы жарамды. Бір күн аралығында бірліктерді жолдауға 10-нан аспайтын қайталанатын сұраныс жіберуге болады.

Қызметті өшіру үшін (бұл жағдайда абонент бірліктерді жолдауға сұраныс алмайды және өзі де бірліктерді жолдауға сұраныстар жібере алмайды), *140# теріп, "1" таңдауы тиіс. Қайтадан қосылу қажет болған жағдайда *140# теріп, "1" деп жауап беру қажет. Қызметті өшіру/қайтадан қосу тегін жүзеге асырылады.

Қызметті қолдану жіберуші және/немесе қабылдаушы абонент роумингте болған жағдайда мүмкін.

30 күн ішінде жолданатын теңгерімнің барынша үлкен көлемі 150 000 теңге.

"Дарқан" және "Дарқан дала" тарифтік жоспарларының пайдаланушыларына арналған қызмет көрсету ерекшеліктері: абоненттер "Мобильді көмек" қызметі бойынша бірлік ала алады, бұл ретте оларды басқа абонентке аудару ескерілмеген.

"Мобильді көмек" - бір activ абонентінің (жолдаушы абонент) ұялы байланыс қызметтерін талап ету құқығын басқа activ абонентіне (қабылдаушы абонент) жолдаушы не қабылдаушы абонент сұранымы бойынша қабылдаушы не жолдаушы абонент көрсететін сомаға (берілетін теңгерім) беруі жөніндегі қосымша қызмет.