Мобильдік Интернет

Ұялы телефондағы интернет соншама бір жаңалық емес, себебі жеделдік - заманауи қоғам сипаттарының бірі. Жаңа технологиялар мен жаңалықтар біздің өмірімізді үздіксіз тасқынға толтырып, жедел қызметке деген талабымызды арттыра түсуде. 3G-дің негізгі артықшылығы - секундына 14 мегебитке дейін жететін мәлімет берудің жоғарғы жылдамдығы. 3G пайдаланушылар қатынаста, жұмыста, ермек пен оқуда өздері үшін байланыстың жаңа қырларын ашады:

Жоғарғы жылдамдықтағы ұялы интернет;

Қысқа мерзімде көлемді файлдар жіберу және қабылдау;

Сіздің телефоныңыздағы ұялы теледидар;

Бейнелі байланыс – енді сөйлесушіңіздің даусын естіп қана қоймай, бір-бірлеріңізді көре де аласыздар.


Ұялы телефоныңыздағы 3G Интернеттың шексіз мүмкіндіктері және ол Сіздің күнделікті өміріңіздің бір бөлшегіне айналады. Үйдесіз бе, жұмыстасыз ба, мәшинеде немесе қоғамдық көліктесіз бе, паркте не қала сыртындағы байланыс аясынан тыс аймақтасыз ба, Сіз әрқашан “онлайн” бола аласыз.

Назар аударыңыз: абоненттің қызметтері / тарифтік жоспары бойынша интернет-трафик қалдығы 20 МБ астам болса, онда 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, 20МБ интернет-трафик резервтеледі. Егер интернет-трафик қалдығы 20МБ аз болса, 4МБ интернет-трафик көлемі резервтеледі. Егер интернет-трафик қалдығы 4МБ аз болса немесе толығымен жоқ болса, абонентте қолданыстағы мобильді интернет тарифі бойынша 4МБ құны мөлшерінде теңгерім резервтеледі. Бірнеше интернет-сервистерді пайдаланған жағдайда, интернет-трафик немесе теңгерім әр пайдаланылатын сервис аясында резервтеледі.

«Мобильді Интернет» қызметі мәліметтерді сымсыз топтамалық жеткізу технологиясы - General Packet Radio Service (GPRS) немесе Enhanced Data rate for GSM Evolution (EDGE) негізінде көрсетіледі.

GPRS – General Packet Radio Service –ақпаратты ұялы телефоннан жоғары жылдамдықта қабылдап, жеткізуге мүмкіндік беретін мәліметтерді топтамалық жеткізу технологиясы.

EDGE – Enhanced Data-Rates For GSM Evolution — бұл арнаның өткізу қабілетін арттыратын және GPRS-ке қарағанда жоғарырақ жылдамдықты қамтамасыз ететін мәліметтерді жеткізу технологиясы. EDGE технологиясын пайдалану үшін қосымша реттеулердің қажеті жоқ - EDGE қамту аймағында ұялы телефон оны автоматты түрде таңдайды.

WAP-технологияны пайдалану қосымша жабдықтарды қоспай-ақ (мысалы, компьютер және модем) Internet желісінің мобильдік жүйесіне кіру, WML немесе XHTML үлгісіндегі ақпараттар, Сіздің ұялы телефондарыңызға арнайы қарастырылған.


Қызмет түріне қосылу.

Қызметті іске қосу үшін «wap» сөзін (тырнақшасыз) 800 нөміріне жолдау немесе Infoпаркке (*123# нөміріне қоңырау шалу арқылы) кіріп, «Амал-шарттар» бөлімінде «WAP» тармағын таңдап, «Қостыру» пәрменін басу қажет (сондай-ақ тікелей *123*6*2*1# сілтемесін пайдалануға болады).

Бірнеше минут ішінде сіздің нөміріңізге WAP амал-шарттары жолданады (экранда «Орнату топтамасы алынды/ /Service settings received» жазуы немесе осы сияқты хабарлама пайда болады), оны телефон жадысына сақтап алу қажет.