Мобильді интернет+
29.08.2017ж. бастап «Мобильді интернет+» қызметтерін көрсету шарттарына өзгерістер енгізіледі..> Толығырақ
16.04.2015 бастап «Мобильді Интернет плюс» қызметіне қосылу тоқтатылады.. > Толығырақ

 

 

Күнделікті берілетін бонустық трафик көлемі, MB Тәуліктік абоненттік төлем, ₸ Қызметке қосылған трафик көлемінің үстінен жұмсалған 1 MB тарифі Қосылу
10 4 ₸/MB Қосылыс жабық Қосылу жабық
25 34 4 ₸/MB Қосылу жабық
45 39 3 ₸/MB Қосылу жабық
55 44 2 ₸/MB Қосылу жабық
65 49 2 ₸/MB Қосылу жабық
75 54 2 ₸/MB Қосылу жабық
100 59 1 ₸/MB Қосылу жабық
120 64 0,75 ₸/MB Қосылу жабық
140 69 0,75 ₸/MB Қосылу жабық
160 74 0,75 ₸/MB Қосылу жабық
180 79 0,5 ₸/MB Қосылу жабық

Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатуға кеңес береміз: мобильді деректерді өшіру керек немесе «ұшақ режимін» таңдау керек, содан кейін мобильді деректерді қосып / «ұшақ режимін» өшіріп, интернетті пайдалануды қайта бастау керек.

Қызмет қалпын және әрекет ету мерзімін *444*1*3# USSD сұранымы арқылы тексеруге болады.

Қызметті өшіру үшін 2002 нөміріне стоп не stop мәтіні бар SMS жолдау немесе *444*1*4# пәрменін теру қажет.

Назар аударыңыз! Ағымдағы қызмет түрін өшірген кезде пайдаланылмаған трафик нөлденеді.

Қызметтің абоненттік төлемі теңгерімнен оны қосқан кезде бірден алынады. Қызмет төлемінің кейінгі алынуы және интернет-трафик берілуі күнделікті Астана қ. уақытымен 00:00 - 02:00 аралығында жүргізіледі. Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болу себебімен орнатылған 00:00 бастап 02:00 дейінгі аралықта алынбаған болса, 02:00 кейін теңгерімді жеткілікті сомаға толтырған кезде абоненттік төлем толықтай алынып, Қызметпен ескерілген трафик беріледі.

Интернет-трафиктің жарамдылық мерзімі оның берілген айынан кейінгі келесі айдың соңына дейін орнатылады. Теңгерімнің жеткіліксіз болуына байланысты қызмет бойынша белгіленген уақытта күнделікті абоненттік төлем алынбаған жағдайда сол уақытқа дейін қызмет бойынша барлық жинақталған, бірақ пайдаланылмаған интернет трафик нөлденеді.

Абоненттің Қызмет бойынша жинақталған интернет-трафикті жұмсаған жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады.

Қызмет тек «Мобильді интернет (3G/2G/GPRS/WAP)» сервисі үшін ғана, абоненттік құрылғыда internet немесе WAP қол жеткізу нүктесі реттелген жағдайда көрсетіледі.

Бір уақытта қызметтің бір ғана түріне қосылуға болады.

Тарифтеу қадамы – 1 KB.

Қосылған қызмет түріне сәйкес келетін трафик көлемінің асырылған жағдайында келесі трафигінің ақысы Кестеде көрсетілген бағаларға сәйкес алынатын болады.

Қызмет роуминг барысында көрсетілмейді. Роумингте болғанда Қызметті өшірген жөн.

Ағымдағы интернет сессия барысында іске қосылған «Мобильді интернет плюс» қызметі әрекет етпейді. Осындай интернет сессия қалыпты тарифке сәйкес тарифтеледі. Екі жағдайда да ағымдағы сессияны жауып, интернетті қызметті пайдалануды іске қосылғаннан кейін жалғастырған жөн.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.

Қызметтің әрекет ету мерзімі — 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қоса алғанда. Қызметтің әрекет ету мерзімі біткен кезде жинақталған интернет-трафик жойылады.

Бағалардың барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген.

«Мобильді интернет плюс» қызметін мобильді интернетті пайдалану жөніндегі басқа қызметтермен қатар пайдаланбаған жөн!

Қызметті «Бонустық интернет» және басқа да осы сияқты интернет-қызметтердің қосулы болған жағдайында, сондай-ақ абонентте «Келісімшарттық телефон», «Тиімді смартофн» бойынша әрекеттегі келісімшарттың болған жағдайында қосу мүмкін емес.

Қызмет «Интернет топтамалар», «Қызметтердің топтамалары», «Бір жылға Интернет сыйлыққа», «Сәтті мегабайттар және SMS» қосымша қызметтері және әрекет ету мерзімі шектеулі интернет-трафикті ұсынуды ескеретін басқа да қызметтермен қатар қосылған жағдайда, алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Егер сізде «Барлығы бірге L» тарифтік жоспар қосылған болса, Қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, трафик «Мобильді интернет плюс» қызметінің шарттарында ұсынылады, бұл ретте алдымен тарифтік жоспармен ескерілген бонустық трафик, содан кейін қызметпен ескерілген трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша «Мобильді интернет плюс» қызметімен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады.

Осы үйлесімдік шарттарын Оператор толықтыруы немесе өзгертуі мүмкін.