Мобильді интернет портал

Мобильді интернет портал – бұл Wi-Fi немесе мобильді интернетке қолжеткізім бар кез келген жерде кез келген мобильді құрылғыдан көптеген қызықты да пайдалы ақпаратты алу мүмкіндігін беретін ақпараттық-жадыратушы портал. Сіздерді Мобильді таныстықтар, футбол порталы, салауатты өмір салтына қатысты бейнематериалдар, үйде және спортзалда жаттығуға арналған машықтанулар, музыканы тыңдап, тәулігіне 10 трекке дейін жүктеу мүмкіндігі бар музыкалық сервис, ауа райына, жаңалықтарға, жұлдыз жорамалына және көптеген тағы басқа нәрселерге жазылым сервистері күтуде.

Жазылымды бір рет іске қосып, сіз смартфон, планшет немесе жеке компьютер болсын, кез келген құрылғыдан қызметке қол жеткізе аласыз.

Мобильді интернет портал бөлімдері:

  • Ең үздік
  • Мобильді клуб
  • Ойын клубы
  • Бейне клуб
  • Музыкалық портал
  • Танысу порталы
  • Футбол порталы
  • Фитнес порталы
  • Мәтіндік жазылымдар
    • Жаңалықтар мен оқиғалар
    • Жұлдызнама
    • Қазақстандағы ауа-райы
    • Күн әзілі
    • Әзілдер
    • Қырсық заңы
    • Кино премьералар
    • Гиннес рекордтар кітабы
    • тағы басқа
  • Тегін
  • Бонус – мәтіндік жазылымдарға жазылғанда, осы бөлімге кіру тегін.

Толығырақ - m.activ.kz

Әр сервис туралы толық білу үшін Абонентке m.activ.kz сайтына кіріп, өзін қызықтыратын сервистерді таңдау қажет. USSD пәрмендерін де пайдалануға болады:

  • *225#  - сервис порталы (Таныстықтар, Фитнес, Футбол, Музыкалық портал);
  • *223#  - мәтіндік жазылымдар;
  • *453#  - мобильді клубтар.

Порталда ұсынылған барлық сервистердің құны m.activ.kz сайтында әр сервис тұсында көрсетіледі.

Бір реттік контенттік қызметтер:

  • Музыка: 28 теңге, 56 теңге, 168 теңге, 336 теңге;
  • Бейнежазбалар: 28 теңге, 56 теңге, 168 теңге;
  • Суреттер: 28 теңге, 56 теңге;
  • Тақырыптар: 28 теңге, 56 теңге;
  • Ойындар мен қосымшалар: 28 теңге, 56 теңге, 168 теңге, 336 теңге.

Мәтіндік жазылымдар:

  • Құны: 20 теңге/күн.

Контенттік жазылымдар:

  • Құны: 40 теңге/күн.

Порталдар:

  • Музыкалық портал: 30 теңге/күн;
  • Футбол: 40 теңге/күн;
  • Фитнес: 28 теңге/күн;
  • Таныстықтар: 25 теңге/күн, 15 теңге/күн;
  • Mkiosk: 34 теңге/күн.

Жаңа жазылушылардың барлығына жазылым іске қосылған сәттен бастап порталда ұсынылған барлық сервистер бойынша 2 күн тегін пайдалану мерзімі беріледі.

Ақшалай қаражат дербес шоттан күнделікті Астана қ. уақытымен сағат 09:00-00:00 аралығында 222 нөмірінен кіріс SMS арқылы алынады. Қызметке қолжеткізу, сәтті тарифтелген сәттен бастап, 24 сағатқа ұсынылады.

  • activ абоненттері үшін: жазылым құны қызметке қосылғанда жеткілікті теңгерімнің болған қалпында толық көлемде алынып, кейін күнделікті тарифтеледі. Егер жазылым құны теңгерімде ақшалай қаражаттың жеткіліксіз болуы себебімен алынбаған болса, қызметтің көрсетілуі уақытша тоқтатылады. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылғанда жазылым құны толық көлемде алынып, қызмет сәйкес көлемде көрсетіледі.
  • Kcell абоненттері үшін: жазылым құны күнделікті бірдей үлестермен алынады. Төлемді уақтылы енгізу қызметті пайдаланудың міндеті шарты болып табылады. Аванстық есеп айырысу тәртібіндегі абоненттер үшін теңгерімде қызметті көрсету қаражаттың жеткіліксіз болған жағдайында немесе несиелік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің несиелік лимитті асырған жағдайында шығыс байланыс қызметіне, оның ішінде Бейнепортал қызметіне қолжеткізім бұғатталады. Төлемнің шығыс байланыс қызметінің бұғатталғанынан кейінгі 7-30 күн аралығында болмаған жағдайында кіріс байланыс қызметіне, оның ішінде Бейнепортал қызметіне қолжеткізім бұғатталады. Жазылым құны кіріс байланыс бұғатталғанша алынады.

11.07.2016 бастап, Кселл абоненттері үшін тарифтеу шарттары келесідей болып өзгертіледі: Қызметке қосылғанда, теңгерім жеткілікті болса, жазылу құны толығымен алынады, әрі қарай күн сайын тарифтеледі. Егер жазылу құны, теңгерімде қаражат жеткіліксіз болғандықтан, алынбаса, онда қызметті ұсыну тоқтатылады. Теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда, жазылу құны толық көлемде алынады және Қызмет тиісті көлемде ұсынылады. Сервистерге кіру үшін мобильді интернетті пайдаланғанда, теңгерім нөл болса (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) және несиелік лимит біткенде (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) Мобильді интернет порталдың қызметтерінің көлемі абонентке қолжетімсіз болады.

Сервистерден бас тарту үшін 222 нөміріне СТОП/Стоп/стоп/STOP/Stop/stop SMS сұраным жолдау немесе *453*9*00# USSD пәрменін жолдау қажет.

Сервис жұмысына қатысты сұрақтармен email: help@zerogravity.kz немесе +7 (727) 356 79 56 телефонына хабарласыңыз.

* Осы қызметті Провайдер - "Zero Gravity" ЖШС ұсынады. Провайдер Kcell және activ абоненттеріне түрлі жадыратушы және анықтамалық-ақпараттық қызметтері бар "Интернет портал" қызметін ұсынатын дербес компания болып табылады. Қызметтердің мазмұнына, көрсетілу сапасы мен жылдамдығына Провайдер жауапты. Провайдер Оператор, үшінші тұлғалар, абоненттер алдында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде лицензиялау, лицензиялық келісімдер, интеллектуалдық жеке меншік, авторлық және салалас құқықтарды қорғау туралы патенттік заңнаманы орындауға толық жауапты.