Виртуалды консультант Жанна 3030 нөмірі бойынша

Activ байланыс орталығына қош келдіңіз! Менің атым Жанна. Айтыңызшы, Сізге қандай көмек бере аламын? 

3030 нөміріне қоңырау шалғанда, дәл осылай Сізді виртуалды робот консультант Жанна күтіп алады. Ол Сізге жыл бойы 24/7 кез келген сұрақ бойынша көмектесуге дайын. Сіз тек қана сұрағыңызды қоюыңыз қажет. Егер Жанна Сізді түсінбесе, ол келесі тіркесті айтады: «Сіз қызықтырған сұрағыңызды еркін түрде қоя аласыз. Мысалы, Мен тарифті өзгерткім келеді деп айтуыңызға болады. Маған тағы да айтыңызшы, Сізге қандай көмек бере аламын?» МАҢЫЗДЫ: егер робот консультант Жанна Сіздің сұрағыңызды шеше алмаса, ол Сізді анықтама қызметінің операторына бағыттайды. P.S. Робот Сіздердің қоңырауларыңыз арқылы үйренеді және осы процесс тұрақты түрде жалғасады. Жақын арада роботтың Сізбен «тірі» оператор сияқты диалог жүргізетінін көресіз




activ навигатор – бұл Сізге Тәулігіне 24 сағат бойы тарифтік жоспарлар мен науқандар туралы ақпаратты тыңдау; теңгерім және оны толтыру туралы ақпарат алу; мобильді телефоннан қоңырау шалғанда нөмірдің қызмет шарттарына сәйкес келген жағдайында қызметтердің жекелей түрлерін өз бетіңізше қосып, өшіру; қалауларыңызды қалдырып, қамту аймағына қатысты ақпаратты алу мүмкіндік беретін дауыстық мәзір.

activ навигатор қызметін қалай пайдалануға болады?

Сізге ұялы телефоннан 3030 немесе қалалық телефоннан 8(727)2588000 нөмірлері бойынша қоңырау шалып, ары қарай activ Навигатор қызметінің дауыстық пәрмендеріне жүгінген жеткілікті.  Төменде Сізге оңай үйреніп, мәзірдің қажет тармағына тез ауысуға көмектесетін activ Навигатор сұлбасы келтірілген және мәзірдің әр тармағының қысқаша сипаттамасын, сондай-ақ ұялы телефоннан жылдам теруге арналған сандар комбинациясын табасыз.

Маңызды! Егер сіз 8 (727) 2588000 қалалық нөміріне қоңырау шалсаңыз, сізге мобильді телефон нөмірін* 701, 702, 775 немесе 778 кодынан бастап енгізу қажет. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кейбір қызметтерді пайдалану үшін сізге бастапқы топтамада көрсетілген PUK кодын енгізу қажет. Қалалық нөмірден қоңырау шалу құны «Қазақтелеком» АҚ тарифтеріне сәйкес есептеледі. Мобильді телефоныңыздан қоңырау шалу ақысы тарифтік жоспарыңызға сәйкес алынады.

* егер Сіз әлі біздің абонент болмасаңыз, ұялы телефон нөмірін енгізу қажет емес, желіде қала беріңіз, біраз уақыттан кейін қоңырауыңыз Бас мәзірге ауыстырылады.

activ навигатор
+7(727)258-80-00, 3030 (моб.)
 

 

 

Жылдам теру үшін:

3030