Жасырын нөмірлерді анықтаушы

Өзінің барлық абоненттеріне activ «жасырын» нөмірдің астында кімнің тығылып отырғанын білуге мүмкіндік береді. Қызметімізді пайдаланып, кімнің қоңырау шалып жатқанын көріңіз! Жасырын нөмірлерді анықтаушы» қызметін осы қызметті қамтитын тарифтік жоспарлардан басқа барлық тарифтік жоспарларда қосуға болады.

«Жасырын нөмірлерді анықтаушы» қызметінің арқасында Сіз кіріс қоңырау кезінде телефон бетінен #31# кодымен жасырылған (кез келген қазақстандық ұялы оператордың) шақырушы абонент нөмірін көресіз.

Қызмет туралы ақпаратты *700*3# кодын теру арқылы білуге болады.

Назар аудырыңыз! Телефондардың кейбір үлгілері мен нұсқалары "Жасырын нөмірді анықтаушы" қызметін қабылдамайды.

Сіз қызметті қосу/өшіру үшін қызмет көрсету орындарына хабаласа аласыз немесе оны өзіңіз қосып, өшіре аласыз.

Қызметті қосу:

  • 5500 нөміріне тырнақшасыз "1" саны бар SMS жолдау;
  • *700*1# пәрменін теру.

Қызметті өшіру:

  • 5500 нөміріне тырнақшасыз "0" саны бар SMS жолдау;
  • *700*2# пәрменін теру.

Қызметті қосу құны 0 теңге, абоненттік төлем күніне 19 теңге.

Қызметтің абоненттік төлемі қызметті қосқан сәтте толық алынып, Қызметті қосқан сәттен бастап күнделікті 00:00 - 02:00 аралығында немесе абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті сомаға теңгерім толтырылғанда алынады.

Қызмет абоненттік төлемнің келесі алынғанынша әрекет етеді.

Қызмет көрсетіліп, абоненттік төлемнің алынуы кіріс байланыс бұғатталғанша жүргізіледі. Бұғаттау орын алған жағдайда абоненттік төлем мен қызметтің көрсетілуі теңгерімнің ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін жеткілікті сомаға толтырылғанына дейін уақытша тоқтатылады.

Қызметті роумингте пайдалану мүмкін емес.