Онлайн
Назар аударыңыз! 2017 жылдың 18 шілдесінен бастап, «Онлайн» қызметін ұсыну шарттарына келесі өзгерістер енгізіледі.> Толығырақ:

Қызмет түрі

Ай сайынғы абоненттік төлем, ҚҚС қоса теңге

Қосылу үшін USSD пәрмен

Интернет-трафиктің қалдығын тексеру

Сөндіру үшінUSSD пәрмен

500 МБ

390

Қосылу жабық 

*444*9*3#

*444*9*4#

1 ГБ

490

Қосылу жабық 

2 ГБ

790

Қосылу жабық 

3 ГБ

990

*444*9*1*4#

8 ГБ

1490

*444*9*1*5#

15 ГБ

1990

*444*9*1*6#

25 ГБ

2990

*444*9*1*7#

30 ГБ

3990

Қосылу жабық 

40 ГБ

4990

*444*9*1*9#

Қызметті қосқанда, Абонентке қызметтің таңдалған түріне сәйкес интернет трафиктің көлемі 30 күн жарамдылық мерзіміне ұсынылады. Қызмет, Қызмет бойынша абоненттік төлемді алуға жеткілікті сома Абоненттің теңгерімінде болса ғана, қосыла алады.

Қызмет  бойынша абоненттік төлем алынатын мезетке дейін Абонент пайдаланатын интернет трафик мына тариф бойынша тарифтеледі: бірінші 2МБ бір МБ үшін 15 теңгеден, әрі қарай Астана қ. уақыты бойынша тәуліктің соңына дейін бір МБ үшін 1 теңгеден, интернет-трафик қосылған тарифтік жоспарда – тарифтік жоспардың талаптарына сәйкес тарифтеледі.

Қызметке енгізілген трафиктің көлемінің жарамдылық мерзімі – есептелген сәттен бастап, келесі белгіленген абоненттік төлемді алғанға дейін 30 күн. Қызмет бойынша пайдаланылмаған интернет-трафик жиналмайды және келесі 30 күнге өтпейді.

Қызметті сөндіргенде, жұмсалмаған интернет-трафик белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде Абонентке қолжетімді болады.

Қызмет роумингте жарамсыз.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.

Қызмет бойынша келесі белгіленген абоненттік төлемнің алынуын күтпей-ақ, абоненттік төлемді алып және интернет-трафиктің тиісті көлемін беріп, Абонентте қолданыстағы Қызмет түрін қайта қосуға болатын, Қызметті қайта іске қосу опциясын пайдалануға болады. Сонымен қатар, Абонентте Қызметтің қайта қосылатын түрі бойынша жұмсалмаған интернет-трафик бар болса, ол жойылмайды және жарамдылық мерзімінің аяғына дейін, қолжетімді болуды жалғастырады, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз интернет-трафик жұмсалады.

Қызметті қайта іске қосу опциясын пайдаланғанда, Қызмет бойынша келесі абоненттік төлем 30 күннен кейін, алынады.
Абонентте қолданыстағы Қызмет түрін қайта іске қосу амалдары:
  • USSD: *444*9*5#
  • 2002 нөміріне SMS reactiv

Қосымша шарттар

  • Қол жеткізудің барынша жоғары жылдамдығы құрылғының (телефон, модем, смартфон т.б.) техникалық сипаттамаларына, оның орналасқан жеріне, сигнал күшіне, сондай-ақ желі жүктемесіне байланысты болады;
  • Әрекеттегі интернет сессия барысында іске қосылған Қызметі әрекет етпейді. Мұндай интернет сессия қалыпты тарифке сәйкес есептеледі. Осындай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып, интернетті пайдалануды қызмет іске қосылғаннан кейін ғана жалғастыру қажет.
  • Қызмет тек Мобильді интернет сервисі үшін ғана абоненттік құрылғыда internet қол жеткізу нүктесі реттелген жағдайда ғана көрсетіледі;
  • Тарифтік есептеу қадамы: 1КБ;
  • Қызмет роумингте жарамсыз;
  • Бір уақытта қызметтердің біреуін ғана қосуға болады;
  • Қызмет бойынша интернет-трафикті кез келген теңгерім қалпында пайдалануға болады;
  • Бағалардың барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген.

Қызметтің үйлесімділік шарттары

  • Қызмет, «Келісімшарттық телефон», «Тиімді смартфон» науқандары бойынша қолданыстағы келісімшарты бар Абонентке қосылмайды.
  • Егер Қызмет келесілерді қоса, бірақ олармен шектелмейтін басқа интернет-қызметтермен бір уақытта қосылған болса: «Бақытты SMS пен MB», «Жылдық интернет+», «Мобильді интернет плюс», «Интернет+», «Бонустық интернет», онда ең алдымен жарамдылық мерзімі аз интернет-трафик жұмсалады. Қызмет бойынша да, қосымша қосылған интернет-қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, мобильді интернетті тарифтеу қосымша қызметтің Абоненттің қолданыстағы тарифтік жоспарымен үйлесімділік шарттарына сәйкес жүргізіледі.
  • Қызметті интернет-трафик ұсыну шартымен тарифтік жоспармен бір уақытта қосқанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, Қызмет бойынша да трафик біткен жағдайда, мобильді интернетті тарифтеу, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем сәтті алынған жағдайда, келесі белгіленген абоненттік төлемді алғанға дейін, тарифтік жоспарға сәйкес жүргізіледі.
  • Интернет-трафик қосылмаған тарифтік жоспарда Қызметті қосқан кезде, Қызмет бойынша трафик таусылған жағдайда,  мобильді интернетті тарифтеу Қызмет  бойынша кезекті белгіленген абоненттік төлемнің алынуына дейін мынаған сәйкес жүзеге асырылады: алғашқы 2МБ бір МБ үшін 15 теңгеден, әрі қарай Астана қ. уақыты бойынша тәуліктің соңына дейін бір МБ үшін 1 теңгеден.

Осы үйлесімділік шарттарын Компания өзгерте және толықтыра алады.