Мен үшін төле

«Мен үшін төле» қызметі Сізге Kcell немесе activ абонентіне шотыңыздағы қаржының таусылған жағдайында немесе Сіз Роумингте болғанда өзіңізге қоңырау шалуды сұрауға мүмкіндік береді.

 

Пәрменді теріңіз: *131* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі#.

Телефон нөмірін Сіз ұлттық немесе халықаралық форматта тере аласыз, мысалы: *131*8ХХХХХХХХХХ# немесе *131*+7ХХХХХХХХХХ#.

Спамның алдын алу үшін қызметте жолданатын сұранымдар санына қатысты шектеу қойылған: тәулігіне 5-тен аспайтын қайта қоңырау шалу сұранымы және күнтізбелік айда – 30 сұранымнан көп емес.

Сіз өзіңізге қоңырау шалуды сұраған Абонент Сіздің атыңыздан төмендегідей мәтіні бар SMS-хабарлама алады: «Абонент ХХХХХХХХХХХ Сізге қоңырау шалуды сұрауда».

*131* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі# пәрмені терілгеннен кейін Сіз сұранымның жолданғанын растайтын «Сұранымыңыз қабылданды» деген USSD жауабын аласыз.

Маған қоңырау шал» қызметі тегін көрсетіледі.