Play ON

PUBG Mobile

PUBG Mobile

Free Fire

PUBG Mobile

Call of Duty Mobile

PUBG Mobile

Ойындардағы трафик ойындадрың соңғы нұсқаларын ғана пайдаланған жағдайда, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынғанда, сондай-ақ Абонент теңгерімінде Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик көлемінің қалдығы немесе кез келген басқа қосымша интернет-топтамалардың болған жағдайында (0-ден көп) тарифтелмейді, бұл ретте activ.kz сайтында орналастырылған резервтеу ережелеріне сәйкес резервтелген интернет-трафик көлемі Қызметтің қолжетімділігін анықтау мақсатында есепке алынбайды, роумингтегі трафик қалдығы есепке алынбайды;

Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу, бағдарламалық жасақтаманың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың аялық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді немесе техникалық тұрғыдан Call of duty mobile, PUBG Mobile және Free Fire ішкі трафигі ретінде сәйкестендіруге болмайтын кез келген басқа трафикті пайдаланған кезде интернет-трафик тарифтік жоспар бойынша негізгі бонустық қызметтер көлемінен, бар болған жағдайда, қосымша интернет-қызметтерден (интернет-топтамалардан) жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі. Бонустық көлемнен тыс тарифтеуге Абоненттің келісімі болмаған жағдайда, мобильді интернет қызметіне қолжетімділік Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынғанға, қосымша интернет-қызмет (интернет-топтама) қосылғанға немесе бонустық көлемнен тыс тарифтеуге келісім берілгенге дейін дейін жалпы бұғатталады (және тарифтелмеуі тиіс).

Қызмет «Алло, Қазақстан» және «Шынайы шексіз» желісіндегі тарифтік жоспарлармен үйлеспейді.

Тарифтелмейтін қолжетімділік Қызметті қосқан сәттен бастап (Абонент 8-тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда) Қызмет бойынша келесі белгіленген абоненттік төлем алынатын күнге дейін және әрі қарай Қызмет бойынша абоненттік төлем табысты алынған жағдайда қолданылады.

Қызмет шарттары: абоненттік төлем - 590 теңге, алыну мерзімі: 30 күн, алыну уақыты: 30-ынан 31-іне қараған түні 00:00 бастап 02:00 дейін. Мысалы: бірінші алыну 1-тамызда, екінші алынуы - 31 тамызда.

590 теңге мөлшеріндегі абоненттік төлем (бұдан әрі - АТ) алынбаған жағдайда қызметтің қолданылуы тоқтатыла тұрады, трафик абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес қайта тарифтеледі.

Алынбаған АТ болған жағдайда теңгерімнің 590 теңге және одан да көп сомаға толтырылған кезінде АТ бірден алынып, Қызмет қайта көрсетіле бастайды және АТ алынған сәттен бастап 30 күнге ұсынылатын болады.

АТ қатарынан 30 күн бойы алынбаған жағдайда қызмет автоматты түрде өшіріледі.

  • Қосу: *451*1#
  • Ақпарат: *451*2#
  • Өшіру: *451*3#
  • Қызметті басқару мәзірі *451#