Тарифтік жоспарды қайта қосу

Тарифтік жоспарды қайта қосу — бұл тарифтік жоспардағы бонустық топтаманы жаңарту. Егер Сіз тарифтік жоспар бойынша бонустық көлемді (интернет-трафик, Kcell/activ желісі ішінде SMS және ҚР басқа ұялы операторларының абоненттерімен сөйлесу минуттары топтамасы) 30 күннен бұрын бітіріп қойсаңыз, Қызмет Сізге тарифтік жоспарды қайта қосуға мүмкіндік береді.

Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткілікті болса, келесі абоненттік төлем алынғанға дейін, арнайы *167#OK мәзірі арқылы сіз ағымдағы тарифтік жоспарды қайта қоса аласыз.

Қайта қосқанда, Сіздің теңгеріміңізден тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынады және Тарифтік жоспар бойынша бонустық көлем толық көлемде беріледі. Қайта қосқан сәтте қайта қосқанға дейін Сізде болған тарифтік жоспар бойынша бүкіл пайдаланылмаған бонустық көлем жойылады («Интернет трафиктің қалдықтарын аудару» науқаны бойынша ұзартылған интернет-трафикті қоса).

Тарифтік жоспар бойынша келесі абоненттік төлем тарифтік жоспардың стандартты шарттарына сәйкес алынады, яғни қайта қосқан сәттен бастап, 30 күннен кейін алынады.

Теңгерімде қаражат жеткілікті болса, қызметті шексіз рет пайдалануға болады.

Қайта қосардан бұрын мобильді деректерді сөндіріп, тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді алу үшін теңгеріміңізде қаражат жеткілікті екеніне көз жеткізуге кеңес береміз. Теңгерімді тексеру *111*3#OK.

Қызмет келесі тарифтік жоспарлардың абоненттеріне қолжетімді: