Роумингті қалай қосуға болады

activ® Роумингі – біз бар жер тамаша! Роуминг қызметі нөлдік теңгерімде сөндіріледі, сондықтан әрқашан оң теңгерімде болуға кеңес береміз.

  • Роуминг қызметінің қосылған-қосылмағанын тексеріңіз:

3330 нөміріне DA деген мәтіні бар тегін SMS жолдаңыз немесе *145#  не *123*5#  теріңіз. Қызметті қосу үшін "1" таңдаңыз. Роуминг қызметін 3330 нөміріне NET мәтінін жолдау арқылы өшіруге болады. Қызметті қосу және өшіру - тегін.

Назар аударыңыз! Қызметті тек Қазақстанда, оператордың қамту аймағында ғана қосуға болады.

  • Шотыңызды толтырыңыз:

Шотта қаражаттың жеткілікті болғаны жөн, өйткені шетелде теңгерім толтыру әрдайым мүмкін бола бермейді.

  • Қамту аймағы, тарифтер, науқандар мен байланыс стандарттары туралы ақпаратты нақтылаңыз.
  • Роуминг қызметі нөлдік теңгерімде сөндіріледі, сондықтан әрқашан оң теңгерімде болуға кеңес береміз.
  • Роумингте қоңырауды бағыттау елге байланысты шығыс және кіріс қоңырауларға роумингтегі тарифтерге сәйкес тарифтелетін болғандықтан, роумингте болғанда, қоңырауды басқа абоненттердің нөмірлеріне немесе дауыстық почтаға бағыттау қызметін ##002#ОК  тіркестері арқылы өшіруіңізге кеңес береміз. Берілген тіркестер іске қосылмаған жағдайда, қоңырауды басқа абоненттердің нөмірлеріне немесе дауыстық почтаға бағыттауды телефон реттеулерінен өшіруге кеңес береміз.
  • Қазақстанның шекаралық аумағында болғанда роуминг қызметін өшіріңіз. Роумингтегі тарифтердің қазақстандық тарифтерден ерекшеленетінін ұмытпаңыз.
  • Роумингтегі интернет шығындарын бақылау мақсатында қосымшалардың автоматты түрде жаңартылуын (Android, iPhone) және Wi-Fi автоауысуын (iPhone) өшірген жөн, толық нұсқаулық «Смартфондардың иегерлері үшін» бөлімінде.
  • Назар аударыңыз! Роумингте нөмірді теру форматы: + елдің коды; қаланың немесе оператордың коды; телефон нөмірі, мысалы +7 7272 588300 (+7 Қазақстан Республикасының коды). Шетелде кодты 8 саны арқылы тергенде, әдеттегідей құны әлдеқайда жоғары болатын жерсеріктік операторлар арқылы қосылады.
  • Егер сіздің шетелге ұзақ уақытқа шықпақ ойыңыз болса, сізге кейбір елдерде осы елге келгеннен кейін телефоныңыз жұмыс істемей қалуы мүмкіндігін ескерген жөн. Бұл контрабанданың немесе мобильді телефондардың ұрлануының алдын алу мақсатында осы елдердегі заңнаманың телефондарды жергілікті ұялы операторларда тіркеу қажеттігі (оның ішінде ақылы негізде) ескерілгендігімен байланысты, кері жағдайда тіркелмеген телефонға олардың желілерінде қызмет көрсету тоқтатылады. Сіз барған елдің осындай елдердің тізіміне кіретінін не кірмейтінін сіз интернеттен немесе туристік фирмалардан біле аласыз.