Нөмірді өз бетінше тіркеу

Сіз нөміріңізді келесідей өз бетінше тіркеу сервистерінің бірін пайдалану арқылы өз бетіңізше тіркей аласыз: қысқа нөмірге SMS жіберу немесе тіркеу парағын қолдану.

SMS: Жаңа нөмірді тіркеу үшін 6007 нөміріне ЖСН-іңіздің 12 санын SMS арқылы (ҚР резиденттері үшін) немесе 7006 нөміріне төлқұжат нөмірін, тегіңіз бен атыңызды бос орын қалдыру арқылы (ҚР бейрезиденттері үшін) жолдаңыз. Өз деректеріңізді жіберу арқылы сіз  https://activ.kz/ru/article/public-agreement сайтында орналастырылған «Кселл» АҚ байланыс қызметтерін көрсетуге жария шарт талаптарына қосыласыз және оның шарттарымен сөзсіз келісесіз. Егер сіз пайдаланатын абоненттік құрылғы сіздің деректеріңізге тіркелмесе, сізге осы құрылғыны қайта тіркеу қажет (*660*3#ОК), немесе егер құрылғы тіркелмеген болса, сіз жолдаған деректер оны тіркеу үшін пайдаланылады.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Тіркеу беті: Сондай-ақ сіз жаңа немесе қолданыстағы нөміріңізді https://reg.activ.kz/ бетіне өтіп, беттегі нұсқаулықтарды орындау арқылы тіркей аласыз.

ЖСН-іңізді қайдан табуға болады:

ЖСН жаңа үлгідегі куәліктердің алдыңғы жағында ЖСН/ИИН бағанында көрсетіледі

Ескі үлгідегі жеке куәлікте ЖСН штрих-кодтың артқы жағында көрсетілген
 

Сондай-ақ, ЖСН ҚР азаматының жеке куәлігінің алдыңғы жағында, туған күнінен төмен көрсетілуі мүмкін

ҚР азаматының паспортында ЖСН ЖСН/ID No бағанында көрсетіледі (әдетте 2-бетте)