Бірліктерді көбейт

Күн сайын екі есе көп бірліктерді алғыңыз келе ме? «Бірліктерді көбейт» науқанына қосылсаңыз, күнделікті Сізге промо-бірліктердің екі еселі саны жүктелетін болады.

  • «Бірліктерді көбейт» науқаны бойынша ұсынысты алу үшін *808*8# пәрмені теріңіз.
  • Топтаманы іске қосу үішн 1148 қысқа нөміріне тірек сөзді жолдау қажет.
  • Промо-бірліктердің теңгерімін тексеру *123*3*2# теру бойынша.
  • Науқаннан 1148 нөміріне «00» тірек сөзін жолдау арқылы бас тартуға болады.
  1. Әр абоненттің өзінің бірегей ұсынысы бар. Қосылу шарттары мен жеке ұсыныс туралы ақпаратты *808*8# USSD пәрменін (тегін) теру арқылы алуға болады.
  2. Науқанға барлық тарифтік жоспарлардағы activ абоненттері қосыла алады.
  3. Топтаманың әрекет ету мерзімі іске қосылған сәттен бастап 24 сағат.
  4. Науқанға қосылған кезде промо-бірліктер күнделікті абоненттік төлемнің сәтті алынған жағдайында беріледі. Абоненттік төлем Астана қ. уақыты бойынша күнделікті 02:00-23:30 аралығында алынады. Абоненттік төлемнің сәтті алынған жағдайында көрсетілген мерзімде Абонентке 24 сағат бойы жарамды Науқан бойынша промо-бірліктер жүктелетін болады.
  5. Егер Абонентте абоненттік төлемді алу сәтінде оны толықтай алу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, осы тәулікте абоненттік төлем алынбайды және Абонентке промо-бірліктер берілмейді, бірақ Науқанға қосылыс жарамды болады.
  6. Промо-бірліктерді Kcell/activ желісі ішіндегі және Қазақстан бойынша басқа операторларға қоңырауларға және SMS-ке, интернетке, сондай-ақ абонентте ағымдағы кезде әрекет ететін абоненттік төлемнің алынуына пайдалануға болады.
  7. Промо-бірліктер роумингте, контент-провайдерлердің қызметтері мен Оператордың науқандық ұсыныстары үшін жарамсыз.
  8. Қызмет роуминг барысында ұсынылмайды, роумингте болған уақытқа қызметті өшірген жөн.
  9. Аталған тарифтік жоспарлардың пайдаланушылары Науқанға қосыла алмайды: «Алло, Қазақстан XS», «Алло, Қазақстан S», «Алло, Қазақстан M», «Алло, Қазақстан L», «Алло, Қазақстан XL», «Алло, Қазақстан 2», «Алло, Қазақстан 3», «Барлығы бірге L», «Барлығы бірге M», «Барлығы бірге S», «Барлығы бәрі үшін», «Барлығы бәрі үшін Start», «Барлығы бәрі үшін +», «Лимитсіз 24».

Науқан 05.09.2016 дейін әрекет етеді.

Науқанның әрекет ету мерзімі ұзартыла алады және науқанға қатысу шарттары өзгертілуі мүмкін, науқанға қатысатын Абоненттерге өзгерістер болған жағдайда мәтіндік хабарлама беріледі.