Интернет жарыс

activ, Kcell абоненттеріне арналған керемет «Интернет жарыс»! Кім көбірек жүктесе, сол жеңіске жетеді! Бас жүлде - Subaru BRZ! Ең көп мобильді интернет-трафик жүктеген адам жеңеді! Тағы 45 ультрабук пен 90 планшет ойнатылады. Жүкте, басып оз да жеңіске жет!

 

*444*4*1#OK теріп, 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін кез келген сәтте тегін қосыл.

*444*4*3#OK теріп, өзіңнің пайдаланылған трафигіңді біл.

«Интернет Жарыс» есебіне жұмсалған/пайдаланған:

«Мобильді Интернет +» қызметі бойынша трафик;

«Лимитсіз Интернет» қызметі бойынша барынша жоғары жылдамдықтағы трафиктің қосылған көлемі;

«Интернет-топтамалар» қызметі бойынша трафик;

Ереженің 1.8 тармағына сәйкес трафиктен басқа қалған трафик.

Ұйымдастырушы: «Кселл» АҚ (бұдан былай Компания немесе Ұйымдастырушы).

«Интернет жарыс» науқаны – Ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін науқаны (бұдан былай Науқан). Науқан 2014 жылдың 1 тамызынан бастап 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қоса алғанда өткізіледі. Науқанға барлық Activ/Kcell/Vegaline абоненттері- Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының мекендеу қағазы бар тұлғалар, 18 жасқа жеткен жеке тұлғалар қатыса алады. Науқанға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олардың жақын туыстары және Ұйымдастырушы дилерлері қатыстырылмайды.


Науқанды өткізу тәртібі.

1. Науқанды өткізу шарттары:

1.1. Науқан қатысушысына Науқанды өткізу мерзімінде мобильді интернет қызметын пайдалану қажет.

1.2. Науқан нәтижелері бойынша Науқанның әрекет ету мрезімінде жалпы тізім ішінен 1.8 тармағына сәйкес есептелген трафиктің ең көп көлемін пайдаланған/жұмсаған Науқанға қатысушы жеңімпаз (бұдан былай Жеңімпаз) болып танылады.

1.3. Науқан нәтижесі бойынша Науқанның әрекет ету мерзімінде Жеңімпаздан кейін жалпы тізім ішінен 1.8 тармағына сәйкес есептелген трафиктің ең көп көлемін пайдаланған/жұмсаған 135 Науқанға қатысушы Науқан жүлдегерлері (бұдан былай Жүлдегер) болып танылады.

1.4. Науқан қатысушысы болу үшін абонентке Науқан мерзімінде *444*4*#OK нөміріне USSD сұраным жолдап, нұсқаулықтарды орындап, қатысуын растауы қажет.

1.5. Осы Ереженің 1.4 тармағында көрсетілген әрекеттерді орындаған Науқан қатысушылары осылайша Науқан Ережесімен және Науқанға қатысу шарттарымен толық танысқандарын және олармен келісетіндерін растайды.

1.6. Науқанды жүргізу процесі төмендегідей ретте жүзеге асырылады:

а) Абоненттің USSD сұраным жолданған нөмірінде пайдаланылған мегабайт көлемін есептеу Абоненттің Науқанға қосылу кезіне қарамастан Науқанның басталу сәтінде 2014 жылдың 1 тамызында Астана қ. уақытымен сағат 00:00 басталады;

б) Науқан шеңберінде пайдаланылған мегабайттар көлемін есептеу Науқанның аяқталу сәтінде 2014 жылдың 30 қыркүйегінде Астана қ. уақытымен сағат 23:59 аяқталады;

в) Науқан қорытындысын шығару Науқан мерзімінде 1.8. тармағына сәйкес есептелген мегабайттардың ең көп көлемін жұмсаған қатысушыларды анықтау жолымен жүргізіледі.

1.7. Есепке Науқанға қатысқан абоненттердің (Науқанға қатысушылардың) трафигі ғана қабылданады.

1.8. Есепке Науқанның әрекет ету мерзіміндк тұтастай интернет трафик келесідей қол жеткізу нүктелері арқылы алынады: internet, wap, келесі трафик есептелмейді:

0.facebook, 0.vkontakte және Zero Twitter қызметтерінің тегін трафигі;

Компанияның ішкі порталдары: kcell.kz, activ.kz.

«Лимитсіз Түнгі Интернет», «Opera Mini арқылы лимитсіз браузинг» қызметтері бойынша трафик;

«Лимитсіз Интернет» қызметтері бойынша барынша жылдамдықтағы қосылған трафик көлемінің аяқталғанынан кейін берілетін трафик;

«Құрмет» тарифтік жоспарыгндағы барынша жылдамдықтағы қосылған трафик көлемінің аяқталғанынан кейін берілетін трафик;

«Келісімшарттық телефон», «Келісімшарттық телефон» (IPhone), «Activ/Kcell ұсынған жаңа телефон» науқандары бойынша барынша жылдамдықтағы қосылған трафик көлемінің аяқталғанынан кейін берілетін трафик;

1.9. Осы Науқан шеңберінде пайдаланылмаған интернет трафикті тексеру үшін абонентке *444*4*3#OK нөміріне USSD сұраным жолдау қажет. Есептеудің техникалық ерекшелеріктеріне байланысты ағымдағы тәулікте трафик бойынша толық деректерді тек 2 (екі) тәуліктен кейін ғана алуға болады.

1.10. Осы Науқан шеңберінде жолданатын барлық USSD сұранымдар тарифтелмейді. Науқанға қатысудың абоненттік төлемі – 0 теңге.


Жеңімпаз анықтауы.

2. Науқан Жеңімпазы мен Науқан Жүлдегерлерін анықтау:

2.1. Науқан нәтижелері бойынша Науқан Жеңімпазын және Жүлдегерлерін анықтау Науқан мерзімінде 1.8 тармағына сәйкес есептелген трафиктің барынша көп мегабайттарын пайдаланған/жұмсаған 136 (жүз отыз алты) қатысушының рейтингісін жасау жолымен жүргізіледі.

2.2. Рейтингтегі қатысушы орны Науқан мерзімінде 1.8 тармағына сәйкес есептелген трафиктің пайдаланған/жұмсаған мегабайт санымен анықталады. Қатысушы мегабайттары көп болған сайын, оның рейтингтегі орны да соғұрлым жоғары болмақ.

2.3. Егер 2.1 тармағы бойынша рейтингтегі түрлі қатысушылардың нәтижелері бірдей болса, онда Науқанға алғаш қатыса бастаған қатысушының рейтингтегі орны жоғарырақ болады.

2.4 Жүлделі орындар келесідей ретте бөліп таратылады:


 ОрынЖүлде
Жеңімпаз 1 Subaru BRZ
Жүлдегерлер 2 – 46 Ультрабук Samsung ATIV Book 5
  47 – 136 Планшет Samsung Galaxy Tab 3 7.0 with 3G.

2.5.1 Науқан жеңімпазы ретінде 2.1 тармағына сәйкес рейтингте бірінші орын алған қатысушы танылады.

2.5.2 Жеңімпаз бас жүлде Subaru BRZ иегері болады.

2.5.3 Рейтингтегі келесі 45 (қырық бес) қатысушы жүлдегер және ультрабук Samsung ATIV Book 5 жүлдесінің иегерлері болып танылады.

2.5.4 Рейтингтегі келесі 90 (тоқсан) қатысушы жүлдегер және планшет Samsung Galaxy Tab 3 7.0 with 3G жүлдесінің иегерлері болып танылады.

2.6. Егер бірінші орын алған абонент Ұйымдастырушыға осы ереженің тарауға "жүлденің тапсыр" көрсетілген құжаттарды 3.2.2 және 3.3 тармақтарында көрсетілген мерзімде ұсынбаса, немесе осы абонент Ұйымдастырушы қызметкері, оның жақын туысы немесе дилері болса, ол Науқан жүлдегерлерінің тізімінен автоматты түрде шығарылып, жүлдені алу құқығынан айрылады.

2.7. Егер абонент Науқаннан шықса, ол автоматты түрде Науқан қатысушыларының тізімінен шығарылып, жүлдені алу құқығынан айрылады.

2.8. Жеңімпаз және Жүлдегерлер 2014 жылдың 09 қазанында анықталып, оларға СМС мәлімдемелер жолданады.


Жүлделерді алу.

3. Жүлделерді алу шарттары және тәртібі:

3.1. Науқанның әр қатысушысы рейтингтегі орнымен 29 қазанға дейін *444*4*3#OK нөміріне USSD сұранымын жолдау арқылы таныса алады.

3.2. Науқан Жеңімпазын және Жүлдегерлерін марапаттау Науқан нәтижелері жарияланғаннан кейінгі 20 күн ішінде Алматы қ. абоненттік кеңселерінде жүргізіледі.

3.2.1. Науқан Жеңімпаздарымен және Жүлдегерлерімен Компания өкілдері Науқанға қатысқан нөмірлерге 2014 жылдың 16 қазанына дейін жеке басты растайтын құжат туралы ақпаратты алу үшін хабарласады;

3.2.2. Егер Компания өкілдері көрсетілген мерзімде қандай да бір себеппен Науқан Жеңімпазымен немесе Жүлдегерлерімен байланыса алмаған болса, Науқан Жеңімпазы және Жүлдегерлері Компания өкілдерімен 2014 жылдың 29 қазанына дейін жеке бастарын растайтын құжат туралы ақпаратты және кері байланыс үшін байланыс нөмірлерін беру үшін Call-орталық арқылы немесе Компанияның жеке кеңселері арқылы байланысуға міндеттеледі;

3.2.3. Жүлде Науқанды тіркелген абоненттерiне ғана беріледі;

3.3. Ұйымдастырушының 2014 жылдың 29 қазанына дейін (қоса алғанда) осы Ереженің 3.2.1., 3.2.2. және тарауға "жүлденің тапсыр" сәйкес Науқан жүлдесін алу үшін қажет деректерді алмаған жағдайында жүлдені Жеңімпаз/Жүлдегер телеп етпеген болып саналып, Ұйымдастырушы оны табыстаудан бас тартуға құқылы болады. Бұл ретте жүлдені қайта талап етуге жол берілмейді.

3.4. Кез келген себеппен Науқан Жеңімпаз/Жүлдегер жүлдені алуды талап етпеген немесе одан бас тартқан жағдайында Ұйымдастарушы Науқан.

3.5. Ұйымдастырушы Науқан Жеңімпазына/Жүлдегеріне Науқан Жеңімпазының/ Жүлдегерінің осы Ережеде ескерілген Науқан шарттарын орындамаған жағдайында жүлдені табыстаудан бас тартуға құқылы.


Жүлделерді табыстау:

Жүлделерді алу үшін Жүлдегерлер төмендегі құжаттарын ұсынулары тиіс:

1) СТН көрсетілген Жеке басын растайтын құжат;

2) Абоненттің тіркеу парағы.


Жүлделерді олардың ақшалай баламасымен алмастыру мүмкіндігі: oсы Науқан шеңберіндегі жүлделерді ақшалай баламамен алмастыру ескерілмеген.


Қосымша шарттар.

4. Науқанның қосымша шарттары:

4.1. Науқан туралы толық ақпаратты www.kcell.kz и www.activ.kz сайттарынан алуға болады.

4.2. Ұйымдастырушы оның биллинг жүйесі ұсынатын жұмсалған трафик саны туралы деректердің абоненттің өз бетінше орнатқан бағдарламалары мен қосымшаларының нәтижелеріне сәйкес келмеуіне жауапты болмайды;

4.4 Ұйымдастырушы қатысушыларды SMS арқылы алдын ала хабардар ету арқылы осы Науқан шарттарын өзгертуге құқылы.

4.3. Ұйымдастырушы төмендегіге жауапты болмайды:

4.3.1. Қатысушылардың өз кінәларымен немесе Ұйымдастырушыға қатыссыз басқа да себептермен Науқан жүлделерін алу үшін қажет деректердің/құжатардың уақтылы алынбауына/мүлде алынбауына;

4.3.2. Науқан Қатысушыларының осы Ережемен ескерілген міндеттерді уақтылы орыдамауларына/ мүлде орындамауларына;

4.3.3. Науқан жеңімпаздарының Науқан жүлделерін талап етпеген немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алмауларына.

4.4. Науқанға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережемен толық танысқандығын және онымен келісетінін растайды:

4.4.1. Науқан Жеңімпазы мен Жүлдегерлерінің осы Ережеде ескерілген тәртіпте анықталатындығымен келісетінін растайды;

4.4.2. Операторға Қатысушылардың Науқанды жүргізу барысында үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына байланысты үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір шағымдардың келтірілген жағдайында Қатысушы осындай дауларды өз беінше шешу жауапкершілігін алады;

4.4.3. Науқанға қатысу туралы жарнамалық сұхбатқа қатысуға, оның ішінде радио мен телевизия, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ұйымдастырушының және/немесе Ұйымдастырушының тапсырмасымен үшінші тұлғалардың Қатысушылардың фото және бейне-түсіріліміне қатысуға келіседі. Оған қоса Қатысушыдан оның тарпынан қандай да бір қосымша келісімді немесе сыйақы төлеместен оны фото және бейнежазабаларының пайдаланылуына (тіпті материалдың жарнамалық сипатта болғанына қарамастан) келіседі.

4.5. Науқанды өткізуге байланысты барлық даулар келіссөз тәртібімен шешілуі тиіс. Келісімге бейбіт жолмен келу мүмкін болмаса, дау Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сәйкес сотында қарастырылуға жатады.


Салықтар:

Оператор Жүлдегерлердің жүлделерді алулары барысындағы бюджет алдында уақтылы есептілік пен Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарына сәйкес төленуге жататын табыс салығын төлеуге жауапты болады. Осы Ережемен ескерілмеген Науқанға Қатысушылардың жүлделерді алуға байланысты туындауы мүмкін қалған барлық төлемдерді Науқан жүлдесін/жүлделерін алатын Науқанға Қатысушылардың өздері төлейді.


Қосымша шарттар:

Ұйымдастырушы осы Ереже шарттарын оның Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына қайшы келмейтіндей етіп өзгертуге құқылы. Ұйымдастырушы және/немесе Оператор Науқанның Жүлде қорын Науқан аяқталғанша билеттердің күндері, сондай-ақ спорттық шаралардың түрлеріне байланысты өзгертуі мүмкін.

Ұйымдастырушы және/немесе Оператор осы Науқан бойынша Науқанға қатысу өтінімінің қабылданғаны туралы SMS-хабарламаларды қамтитын ұялы телефонға жеке меншік, иелік ету немесе пайдалану құқығы туралы қандай да бір дауларға байланысты ешбір жауапкершілікке ие болмайды. Ұйымдастырушыға және/немесе Операторға ұялы телефонын көрсететін тұлға оның осы абоненттің нөмірдің іс жүзіндегі иегері/абоненті болған жағдайда немесе өз құқығының сәйкесінше расталуын қамтамасыз етсе, оның шын мәніндегі иегері болып саналады.

Ұйымдастырушы және/немесе Оператор қандай да бір хат алмасуға немесе осы Ережеге сәйкес жүлде алу құқығын растайтын талаптарға қатысты қандай да бір түсініктеме беруге міндетті емес.

Ұйымдастырушы өндірістік кемшілік жағдайларына, сондай-ақ Оператордың ұялы желілерінде, Ұйымдастырушы жабдығында орын алуы мүмкін техникалық және технологиялық қателерге жауапты болмайды.

Ұйымдастырушы Науқанды Оператор Абоненттерінің санын ұлғайту, сондай-ақ Оператордың ұялы байланыс қызметтерін пайдалануларын ынталандыру мақсатында ұйымдастырып, өткізуде.

Науқанға қатысты барлық сұрақтар бойынша Абоненттер Оператор Call center-не хабарласа алады: ACTIV абоненттері үшін 3030.


«Интернет жарыс» науқанының шарттары PDF-те. Науқанға қатыса отырып, сіз осы ережемен толық келісесіз. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!