ZTE
Үлгі Kcell/activ желісі ішіндегі дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар Қазақстан бойынша басқа операторлардың желілеріне дауыстық қоңырауларға науқандық минуттар* Науқандық интернет-трафик* Kcell/activ желісі ішіндегі науқандық SMS* Қазақстан бойынша басқа операторларға науқандық SMS* Шартты мерзім, ай Абоненттік құрылғы үшін алдын ала төлем, теңге, ҚҚС есебімен Ай сайынғы төлем, теңге, ҚҚС есебімен
Axon mini Unlim 400 5GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді 1000 1000 12 14000 13500
18 10000
Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін лимитсіз
24 8500
Blade X9 Unlim 300 15GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді 500 0 12 8900 9000
18 7000
30GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді
24 6000
Blade X7 Unlim 250 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді 500 0 12 7000 7500
20GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді 18 5500
Blade X5 Unlim 250 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді 500 0 12 5600 6500
20GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді 18 5000
Blade X3 Unlim 250 10GB Астана қ-сы уақыты бойынша 8:00:00 бастап 00:59:59 дейін қолжетімді 500 0 12 5000 6000
20GB Астана қ-сы уақыты бойынша 01:00:00 бастап 07:59:59 дейін қолжетімді 18 4500

Келісімге сәйкес Компания Абонентке Абоненттік құрылғыны абоненттік құрылғының алғытөлем сомасының енгізілуінен және бірінші ай сайынғы төлемнің төленгенінен кейін табыстайды.

1. Абонент Науқанға скоринг – абоненттің Оператор орнатқан төлемге қабілеттілік критерийлеріне сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қосылады.

2. Науқанға қатысу Абоненттің Келісімшарттық мерзімге келісім жасасуы арқылы ресімделеді.

3. Науқанға қосылған кезде Компания Абонент нөмірінде "Базалық+" тарифтік жоспарын және Қызмет Топтамасының бірін қамтитын қызметті іске қосады.

4. Қызмет Топтамасы Науқан шарттарымен ескерілген ай сайынғы төлемдерді төлеген жағдайда Науқанға қосылған күннен бастап әр 30 күнтізбелік күн сайын жүктелетін дауыстық қоңыраулар минуттарының, SMS хабарламалар мен интернет трафиктің белгілі бір көлемін қамтиды.

5. Абоненттің Келісімшарттық мерзімнің аяқталуына дейін "Базалық+" тарифтік жоспарын қосқанда Қызметтен бас тартқан, Келісімді және/немесе ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ шартты бұзған жағдайында, сондай-ақ Келісіммен орнатылған басқа да жағдайларда Абонент жасалған Келісім шарттарына сәйкес абоненттік құрылғының қалдық құнын төлейді.

6. Абонент Қызметтен Науқан бойынша "Базалық+" тарифтік жоспарын қосқанда Келісімшарттық мерзімнің аяқталуына дейін тек абоненттің Компанияның Kcell орталығына ұсынған жазбаша өтініші арқылы ғана бас тарта алады.

7. Абоненттің кез келген себеппен Қызметтен бас тартқан жағдайында абоненттік нөмірдегі "Базалық+" тарифтік жоспары Абоненттің оны өзгерткенінше әрекетін жалғастырады.

8. Қызметке сәйкес ұсынылатын Науқандық минуттар және SMS хабарламалар ҚР аумағында қоңырау шалып, хабарлама жолдау үшін пайдаланылады, бірақ оларды 3, 4 және 5 таңбалы қысқа нөмірлерге қоңырау шалып, хабарлама жолдау үшін пайдлануға болмайды.

9. Қызметтің науқандық көлемін, оның ішінде барынша жоғары жылдамдықтағы мобильді интернеттің қосымша топтамаларын роумингте пайдалану мүмкін емес.

10. Қызметтің Науқандық топтамасының әрекет ету мерзімі: Есептік мерзім, яғни Абоненттің Дербес шотынан Ай сайынғы төлемнің алынуы тиісті күннен бастап 30 (күнтізбелік күн) ішінде. Әрекет ету мерзімінде пайдаланылмаған Қызметтің Науқандық топтамасының көлемі келесі Есептік мерзімге ауыстырылмайды. Сәйкес Есептік мерзімдегі Қызметтердің науқандық көлемі Абонентке егер осы есептік мерзімде Ай сайынғы төлем толық алынбаған болса, берілмейді.

11. Қызметтің науқандық топтамасын Kcell абоненттері Дербес шотының оң теңгерімі қалпында, ал activ абоненттері кез келген теңгерім қалпында пайдалана алады. Абонент өзінің бонустық трафигінің шығындалуын өз бетінше бақылап, оның есептелуін тексереді.

12. Қызметтің Науқандық топтамасы пайдаланылғаннан кейінгі оператордың байланыс қызметтерінің тарифтелуі, сондай-ақ Қызметтің Науқандық топтамасына кірмеген басқа да қызметтердің тарифтелуі "Базалық+" тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі, тарифтік жоспарға кірмеген қосымша қызметтердің тарифтелуі Оператордың осындай қызметтерді пайдалану барысында әрекет ететін тарифтері бойынша жүргізіледі .

13. «Экстра Теңгерім», «Мобильді интернет плюс», «Лимитсіз интернет», «Лимитсіз түнгі интернет», «Жартыжылдық интернет», «Тоқсандық интернет», «Жылдық интернет+»,  «Интернет+», «Жеңіл интернет», «Бонустық интернет», «Байланыс бар» , «Бейнесервис» қызметтерін қосу Шартты кезең ішінде Қызметті қолданатын Абоненттер үшін қолжетімді емес. Науқанға 2015 жылдың 21 желтоқсанына дейін қосылған Актив абоненттері "Жылдық интернет" қызметін қоса алады, бұл жағдайда бірінші кезекте әрекет ету мерзімі аз интернет-трафик бірінші жұмсалады (әрекет ету мерзімі қызмет бойынша соңғы тұрақты топтаманың аяқталу мерзімімен анықталады). Қызметтің Науқандық топтамасы бойынша, және "Жылдық интернет" қызметі бойынша трафикті жұмсаған жағдайда, мобильді интернет ұсыну 64 кб/с төмендетілген жылдамдықпен жүзеге асырылады. Науқанға 2015 жылдың 21 желтоқсанынан кейін қосылған абоненттерге бұл қызметті іске қосу қолжетімді емес.

14. Науқандық топтама бойынша дауыстық минуттар және интернет-трафик қалдығын тексеру *123*3*2#OK және/немесе *111*3#OK пәрменін теру арқылы жүргізіледі.

15. Абонент науқанға скоринг – Оператор белгілеген төлем қабілеттілігі критерийлеріне абоненттің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша қосылады. Сонымен бірге, бір Абонент (жеке тұлға) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша тек қана бір телефон сатып алуды рәсімдей алады, ол екінші телефонды толық құнына сатып ала алады.

16. Назар аударыңыз: егер интернет трафик қалдығы 4 МБ кем болса, бірінші ашықлған интернет скссия шеңберінде теңгерім резервацияланып, келесі интернет сессиялардың есептеулері негізгі шоттың негізгі теңгерімінен (ақша қаражатынан) алынады.

Кепілдемелік қызмет

Абоненттік құрылғының кепілдемелік мерзімі – Абоненттік құрылғының Қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан былай - Акт) қол қойған сәттен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай. Кепілдемелік қызмет көрсету шарттары өндірушінің Интернет-ресурсында орналастырылған. Осы актіге қол қойғаннан кейін Абоненттік құрылғы ақаулығы анықталған жағдайда Абонент Оператор ұсынған авторизацияланған сервис орталыққа хабарласуы қажет (авторизацияланған сервис орталықтарының мекенжайлары Оператордың Интернет-ресурсында келтірілген). Кепілдемелік мерзімнің аяқталуына 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аз уақыт қалған кезде өндірушінің кепілдемелік шарттарымен қамтылатын Абоненттік құрылғы ақаулығы анықталған жағдайда, кепілдемелік мерзім тауарды ауыстыру немесе жөндеу күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге ұзартылады. Қалған жағдайларда кепілдемелік мерзім ұзартылмайды. Абоненттік құрылғыны кепілдік жөндеу мерзімі – 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін. Өндірушінің Интернет-ресурсында орналастырылған Мобильді құрылғыны іске қосу туралы ақпарат қате болуы мүмкін. Кепілдемелік мерзімнің есептелуі Актіге қол қойған күннен басталады.

Интернет-трафиктің ай сайынғы көлемі біткен жағдайда немесе қалалық нөмірлерге қоңыраулар үшін минуттар алғыңыз келсе, Сіз бір реттік топтаманы пайдалана аласыз.

 

Интернет-трафик Құны Қосу
1 GB 400 ₸ *190#OK
3 GB 1090 ₸
5 GB 1490 ₸
10 GB 1990 ₸  

Қосымша топтамалардың шарттары

Топтаманың жарамдылық мерзімі – 30 күн. Топтаманың жарамдылық мерзімі біткеннен кейін, Топтама бойынша қызметтердің жұмсалмаған көлемі жойылады.

Топтаманы қосқанда ең алдымен Топтама бойынша қызметтердің көлемі жұмсалады, одан кейін Тарифтік жоспар бойынша интернет-трафик жұмсалады.

Бірнеше Топтаманы бір уақытта қосуға болады, сонымен қатар, ең алдымен жарамдылық мерзімі аз трафик жұмсалады.

* Қызметтің Науқандық топтамасы аяқталғаннан кейін, тиісті қызметтердің тарифтелуі "Базалық+" тарифтік жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.