«Сұхбат» бастапқы топтамасы

«Сұхбат» Тарифтік жоспары орнатылған бастапқы топтаманы іске қосу күнінен кейінгі 30 күн ішінде 590 теңге көлеміндегі Тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлем Абонент теңгеріміндегі қаражаттың болу-болмауына қатыссыз алынбайды.Тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлемді алу талпыныстары БТ іске қосқаннан кейінгі 31-ші күннен басталады.

БТ іске қосылғаннан кейін 30 күн ішінде Абонентке Абонент теңгерімінде кем дегенде 200 теңге болған жағдайында, оның ішінде БТ толтырымындағы 200 бонустық теңге қосанда, Абонентке бір рет бонустық қызметтер көлемі беріледі: Activ/Kcell желісі ішіндегі дауыстық/бейне қоңыраулар 0 теңге және Activ/Kcell желісі ішінде 200 SMS. Абонент теңгерімінде кем дегенде 200 теңге болған жағдайда Абонентке бонустық қызметтер көлемі берілмейді, Activ/Kcell желісі ішіндегі дауыстық/бейне қоңыраулар және Activ/Kcell желісі ішіндегі SMS тарифтік жоспар бойынша ай сайынғы абоненттік төлем алынбағандағыдай Тарифтік жоспар шарттарына сәйкес есептеледі.

Бонустық көлемнің әрекет ету мерзімі — 30 күн, бұл ретте Абонентің БТ іске қосу күнінен кейінгі 30 күнде тарифтік жоспарын ауыстырған жағдайында бонустық көлем нөлденеді.

Науқан 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.