SIM-картаны өз бетімен ауыстыру
SIM-картаны өз бетімен ауыстыру
SIM-картаны өз бетімен ауыстыру — бұл абоненттің қолданыстағы SIM-картасын жаңа USSD-командасы арқылы ауыстыру. Қызмет абоненттің Kcell / Activ қызмет көрсету орнына хабарласпай көрсетіледі.
- Шарттары
- Пайдалану
Қызмет ауыстыру сәтіне қолдарында келесі аталғандар бар абоненттер үшін қол жетімді:
- абонент ауыстыруды жүзеге асыруды жоспарлап отырған активті нөмірімен қолданыстағы SIM-карта;
- активтендіру коды көрсетілген жаңа SIM-карта.
Егер SIM-карта блокталған немесе жоғалған болса*, SIM-картаны USSD арқылы ауыстыру қызметі көрсетілмейді.
Ауыстыру рәсімі үш сатыдан тұрады:
- Ауыстыру үшін Kcell Center/Kcell Store орталықтарынан SIM-картаны сатып алыңыз (құны 200 теңге).
- SIM-картасы қолданыстағы өзіңіздің ұялы телефоныңыздан *877* комбинациясын теріңіз, активтеу коды #ОК. Активтеу коды жаңа SIM-картада көрсетілген. Жүйе сұрауы бойынша PIN 2 енгізіңіз және шақыру түймесін басыңыз.
- «Активтендіру кодын» табысты енгізу жағдайында, Сіз сұранымның өңдеуге қабылданғаны туралы хабарлама аласыз. Содан кейін, Сіз USSD сұраным жіберген SIM-картаның активтендірілуі тоқтатылады, және Сіз телефонға жаңа SIM-картаны сала аласыз.
* SIM—картаны жоғалтып алған жағдайда, Компанияның абоненттік бөліміне немесе сауда өкілдеріне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың болуы жеткілікті.