Роумингте SIM-карталарды ауыстыру (қалпына келтіру)!

Егер сіз төмендегі елдердің бірінде болсаңыз:

  1. +77272588000 нөмірі арқылы компанияның анықтама қызметіне хабарласып, ауыстыруға өтінім қалдырыңыз. Сондай-ақ activ әлеуметік желілеріндегі парақшалардың бірінде (facebook, Instagram, twitter, VK) байланыс нөмірі мен хабарласу себебін қалдыра аласыз.
  2. Kcell-ден мәлімдеме алғаннан кейін Сіз роуминг серіктесіміздің абоненттік бөліміне (мекенжайы мен жұмыс кестесі төменде көрсетілген) барып, жаңа SIM-карта ала аласыз.
  3. Карантин кезеңінде серіктестердің кеңселері жабық немесе жарты күн ғана жұмыс жасайды, сондықтан орындау мерзімдері серіктеске байланысты.

• Егер нөмір сіздің атыңызға тіркелген болса, қабылдаушы елдегі байланыс нөміріңізді көрсетумен өтініш бланкісін толтыруыңыз керек. Өзіңізбен бірге төлқұжаттың болуы жеткілікті.

• Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелген болса, онда сізге қабылдаушы елдегі байланыс нөміріңізді және ұйымыңыздың нөмірін көрсетумен өтініш бланкісін толтыру қажет, біз хат алу үшін олармен байланысамыз.

SIM-картаны қалпына келтіру Kcell жұмыс уақытында жүзеге асырылады (дс–жк - 09:00-ден 20:00-ге дейін).

Ел Қала Абоненттік бөлім мекенжайы және жұмыс уақыты (барған елдегі уақыт)
Қырғызстан Бішкек «ЦУМ-Айчурек» Чуй даңғ., 155, бутик В17
10:00 - 20:00
Мереке және демалыс күндері 10:00 - 19:00
Чолпон-Ата Советская к-сі, 52
(Тарихи мұражай ауданы)
09:00 - 19:00
Қарақол Токтогула к-сі, 118
09:00 - 18:00
Әзірбайжан Баку Besti Bagirov 2, AZ1065 (Азерселл кеңсесі Статистика Комитетінің қарсысында)
Дс-Жс: 9:00-20:00
Мейрам күндері: 09:00-18:00