Салық комитеті

Назарыңызға Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті ұсынған ақпаратты алу жөніндегі қызметті ұсынамыз.

 

Салық төлеушіге қолданыстағы СТН негізінде ЖСН/БСН
бөлініп берілген-берілмегенін тексеруге, сондай-ақ СТН, ЖСН/БСН негізінде салық төлеуші туралы деректерді алуға арналған сервис.
Сервис жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да деректерін тексеруге арналған.

 

Сервисті пайдалану үшін 7010 қысқа нөміріне өзіңізге белгілі кодтардың бірін: СТН, ЖСН немесе БСН бірін SMS хабарлама арқылы жолдау қажет. Жауабына Сіз код иегерлері туралы деректерді қамтитын SMS хабарлама аласыз:

  • жеке тұлғалар үшін – тегі және инициалы, СТН және ЖСН нөмірі;
  • заңды тұлғалар үшін – ұйым атауы, СТН және БСН нөмірі.
7010 нөміріне СМС жолдау құны ҚҚС есебімен 20 теңге.

 

Салық комитетінен ақпараттық SMS хабарлама алу сервисі

 

Сервисті қалай пайдалануға болады?

  1. Тұрғылықты тіркелген орын бойынша салық органында салық төлеуші Жеке кабинетіне қол жеткізу кілтін алады.
  2. cabinet.salyk.kz сайтында интернет көмекші мен Жеке кабинетке қол жеткізу кілті арқылы салық төлеуші браузердің қажет реттеулерін жүргізіп, Жеке кабинетіне кіреді.
  3. Салық төлеуші кабинетіндегі горизонталды навигация панелінде пайдаланушы «Реттеулер» сілтемесіне басып, шыққан тізімнен «Хабарламаларды жолдауға жазылу» тармағын таңдайды.
  4. «Хабарламаларды жолдауға жазылу» тармағының бетіне ауысқаннан кейін «SMS арқылы жолдау» жиегіне пайдаланушы мәлімдеме келуі тиіс телефон нөмірін енгізеді. Төмендегі «Email және SMS арқылы жүргізілетін жолданымдарға арналған сервистер тізімін реттеу» кестесінен «SMS» бағанында пайдаланушы SMS алғысы келетін мәлімдемелер түрлеріне қанат белгісін соғады.
  5. Межелерді сақтау үшін пайдаланушы «Сақтау» пернесін басады.
  6. Экранда пайдаланушы келісімі шығады. Мәтінмен танысып, онда сипатталған шарттармен келіскен жағдайда растау ретінде сәйкес «Ақпаратпен келісемін» жиегінде қанат белгісін соғып, «Жалғастыру» пернесін басу қажет. Келісім шарттарымен келіспеген жағдайда «Бас тарту» пернесін басу қажет.
  7. Келісімді қабылдағаннан кейін экран бетінде жазылымды іске қосу коды мен SMS жолдауға арналған қысқа нөмірді қамтитын терезе шығады.
  8. Жазылымды іске қосу үшін «SMS арқылы жолдау» жиегінде көрсетілген нөмірден (мәлімдеме қабылдайтын нөмірден) көрсетілген қысқа нөмірге іске қосу коды бар SMS хабарлама жолдау қажет.

Жазылымнан қалай бас тартуға болады?

  1. cabinet.salyk.kz сайтында интернет көмекші мен Жеке кабинетке кіру кілтін пайдалану арқылы салық төлеуші Жеке кабинетке кіреді.
  2. Салық төлеуші кабинетіндегі горизонталды панельде пайдаланушы «реттеулер» сілтемесіне басады және шығатын тізімнен «Хабарламалар жолданымдарына жазылу» тармағын таңдайды.
  3. «Хабарламалар жолданымдарына жазылу» бөлімінің бетінде «SMS арқылы жолдау» жиегінде пайдаланушы мәлімдемелерді қабылдайтын телефон нөмірін өшіреді. Төмендегі «Email және SMS арқылы жүргізілетін жолданымдарға арналған сервистер тізімін реттеу» кестесінен «SMS» бағанында пайдаланушы барлық қанат белгілерді алып тастайды.
  4. Межелерді сақтау үшін пайдаланушы «Сақтау» пернесін басады.

Сервис шеңберінде Салық төлеушінің жеке кабинетінде төмендегідей сипаттағы SMS мәлімдемелерді алуға жазылу мүмкіндігі беріледі:

Жалпы ақпараттық мәлімдемелер:

  • Салықтық жаңалықтарды алу;
  • Салықтық оқиғаларды алу.

Мекенжайлық мәлімдемелер:

  • мекенжайлық салықтық мәлімдемелерді алу;
  • салықтық тексерудің өткізілетіні туралы мәлімдеме алу;
  • камералды бақылу туралы мәлімдеме алу;
  • СНА ресімдеу ережесінің бұзылғаны туралы хабарлама алу;
  • алынған СНА растау мерзімінің өткені туралы ескерту алу;
  • СНН ресімдеу ережесінің бұзылғаны туралы хабарлама алу;
  • алынған СНН растау мерзімінің өткендігі туралы ескерту алу.

Салықтық есептілік туралы мәлімдемелер:

  • Жолданған СЕФ қалпының өзгергендігі туралы ақпарат алу;
  • Жаңа СЕФ жария етілетіні туралы ақпаратты алу.

Сондай-ақ сервис шеңберінде абонент SMS-ақпараттандыру сервисінің пайдаланылғаны туралы мәлімдеме алады:

  • Жазылымның іске қосылғаны туралы мәлімдеме;
  • Сервисті пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері туралы мәлімдеме;
  • Сервисті пайдалану мерзімінің созылғаны туралы мәлімдеме;
  • Сервисті ұсынудың тоқтатылғаны туралы мәлімдеме.

Сервисті заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де пайдалана алады.

Жазылымды іске қосу (SMS-хабарламаны жолдау) салық төлеушіде салықтық оқиғаның орын алған жағдайында (Салық төлеушінің Салық комитеті сайтындағы жеке кабинетінде таңдалған мәлімдеме түрлеріне сәйкес) оған осы оқиға туралы SMS хабарлама жолданатынын білдіреді.

Жазылу мерзімі: Іске қосу коды бар бір SMS-хабарлама жолдау барысында сіз 30 күнтізбелік күн ішінде сервисті пайдалануға жазыласыз.

Бұл қызметті Провайдер - «Mobile Multimedia Services» ЖШС ұсынады. Провайдер Kcell және activ абоненттеріне түрлі жадыратушы және анықтамалық-ақпараттық қызметтерді (оның ішінде шектелместен: суреттерге, әуендер мен ойындарға т.б. тапсырыс беру, ТВ-дауыс беру мен викториналар, анықтамалық ақпарат) ұсынатын дербес компания болып табылады. Қызметтердің мазмұнына, көрсетілу сапасы мен жылдамдығына Провайдер жауапты. Провайдер Оператор, үшінші тұлғалар, абоненттер алдында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде лицензиялау, интеллектуалдық жекеменшік, авторлық және салалас құқықтарды қорғау туралы патенттік заңнаманы орындауға толық жауапты.

7020 қысқа нөміріне кіріс SMS хабарлама құны ҚҚС есебімен 600 теңге;

7030 қысқа нөміріне кіріс SMS хабарлама құны ҚҚС есебімен 1490 теңге;

7040 қысқа нөміріне кіріс SMS хабарлама құны ҚҚС есебімен 200 теңге.