«Өзбекстанға қоңыраулар» қызметі

Қызметті қосу үшін *787*1#OK пәрменін теріңіз. Қосылыс тегін.

Қызметті өшіру үшін *787*2#OK пәрменін теріңіз.

Өзбекстанға қоңырау шалу құны — сұхбат минутына ҚҚС есебімен 30 теңге.

«Өзбекстанға қоңыраулар» қызметін Өзбекстанға қоңырау шалуға арналған басқа қызметтермен немесе тарифтік жоспарға қосылған Өзбекстанға қоңырау шалуға арналған қызметтермен қатар қосқан кезде тарифтеу азырақ тарифті ескеретін қызмет шарттарына сәйкес жүргізіледі. Осы қызметтің үйлесімдік шарттарын Оператор өзгерте немесе толықтыра алады.

Тарифтеу қадамы — 1 секунд.

Қызмет роумингте, сондай-ақ жерсеріктік және премиум бағыттарға жарамсыз.

Қызмет әрекет ету мерзімі шектелместен әрекет етеді, бұл ретте Компания қолданыстағы заңнамаға сәйкес Абоненттерді хабардар ете отырып, Қызметті жоюға немесе өзгертуге құқылы.