Бейнепортал

"Бейнепортал" қызметімен смартфоныңызда немесе планшетіңізде сізбен әрдайым танымал ТД-шоу мен бағдарламалар, музыкалық клиптер, сондай-ақ Wi-Fi немесе Мобильді Интернетке қолжетізім бар барлық жерде балаларға арналған жадыратушы, танымдық, білім беру бағдарламалары мен бейнероликтердің кең ауқымы болады. Пайдалануға болатын айдарлардың бірін қосып, сүйікті бағдарламалардың рахатын көріңіз!

Жазылымды бір рет іске қосу арқылы сіз кез келген құрылғыдан, мейлі ол смартфон, планшет немесе компьютер болсын, қызметті пайдалана аласыз.

Бейнепортал айдарлары:

  • "Жаңалықтар" айдары
  • "Танымал" айдары
  • "Фильмдер" айдары
  • "Сериалдар" айдары
  • "ТД үздігі" айдары
  • "Мультфильмдер" айдары
  • "Жадыратушы" айдары
  • "Спорт" айдары
  • "Picanto" айдары
  • "Егжей-тегжейлі тарих" айдары
  • "Мейрам" айдары (мерекеге немесе оқиғаға байланысты айдар атауы өзгере алады: Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз, 1 сәуір - Әзіл-қалжың күні, Білім күні т.б.)

«Premium+» жазылымы – осы жазылым шеңберінде «Егжей-тегжейлі тарих» айдарынан басқа порталдың барлық айдарларына қол жеткізуге болады.

«Premium +» жазылымына қол жеткізу үшін ұялы телефоннан *707*1# теріңіз немесе 707 қысқа нөміріне "a1" пәрмені бар тегін SMS хабарлама жолдаңыз.

Өзіңізді қызықтыратын жеке айдарды іске қосу үшін жазылым пәрменін теріңіз немесе төмендегіге сәйкес 707 қысқа нөміріне тегін SMS хабарлама жолдаңыз:

  • 707 қысқа нөміріне «s1» мәтіні немесе *707*2# – "Фильмдер" айдарына жазылу
  • 707 қысқа нөміріне «s2» немесе *707*3# – "Сериалдар" айдарына жазылу
  • 707 қысқа нөміріне «s3» немесе *707*4# – "ТД үздігі" айдарына жазылу
  • 707 қысқа нөміріне «s5» немесе *707*5*1# – "Мультфильмдер" айдарына жазылу
  • 707 қысқа нөміріне «s4» немесе *707*5*2# – "Ойын-сауық" айдарына жазылу
  • 707 қысқа нөміріне «s7» немесе *707*5*3# – "Спорт" айдарына жазылу

Таңдалған жазылымды іске қоспас бұрын *707# USSD мәзірі арқылы Абонент жазылым құны туралы хабардар етіліп, жазылымның іске қосылуын растауы тиіс. Тікелей USSD пәрменінің терілген жағдайында Абонент Қызметке табысты жазылғаны туралы мәлімдейтін смс хабарламада жазылым құны туралы хабардар етіледі.

Қызметтің барлық жаңа пайдаланушылары жазылым сәтінен бастап жазылымды 36 күн тегін пайдалана алады.

Әр айдар бойынша барлық USSD және SMS пәрмендерімен сіз Бейнепортал сайтындағы Ереже бөлімінен таныса аласыздар: video.activ.kz.

Жекелей айдарға жазылу құны ҚҚС есебімен күніне 30 теңге. Ақша қаражаты абоненттік шоттан күнделікті 707 нөмірінен келетін кіріс SMS хабарлама арқылы алынатын болады.

«Premium +» жазылымы – осы жазылым шеңберінде «Егжей-тегжейлі тарих» айдарынан басқа порталдың барлық айдарларына қол жеткізуге болады. «Premium + » жазылымының құны күніне ҚҚС есебімен 45 теңге. Ақша қаражатын абоненттік шоттан күнделікті 707 нөмірінен келетін кіріс SMS хабарлама арқылы күнделікті алынатын болады.

«Premium» жазылымы – осы жазылым шеңберінде порталдың барлық айдарларына қол жеткізуге болады. «Premium» жазылымының құны күніне ҚҚС есебімен 90 теңге. Ақшалай қаражат абоненттік шоттан 707 нөмірінен кіріс SMS хабарлама арқылы күнделікті алынатын болады.

«Бейнепортал» ішіндегі интернет-трафик ақысы жазылым құнына қосылған және жеке алынбайды.

Ақша қаражаты дербес шоттан Астана қ. уақытымен күнделікті сағат 09:00 - 00:00 аралығында 707 нөмірінен кіріс SMS арқылы алынатын болады. Қызметке қолжеткізу, сәтті тарифтелген сәттен бастап, 24 сағатқа ұсынылады.

Activ абоненттері үшін: жазылым құны теңгерімнің жеткілікті болған және абоненттің қызметке қосылған жағдайында толық көлемде алынып, кейін күнделікті тарифтелетін болады. Егер жазылым құны теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен алынбаған болса, қызметтің көрсетілуі тоқтатылады. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылған кезде жазылым құны толықтай алынып, қызмет сәйкес көлемде көрсетіледі.

Kcell абоненттері үшін: жазылым құны күнделікті, бірдей үлестермен алынады. Төлемнің уақтылы енгізілуі қызметті пайдаланудың міндетті шарты болып табылады. Аванстық есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің теңгерімдерінде қызмет көрсету үшін жеткілікті ақша қаражатының болмаған жағдайында немесе несиелік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің несиелік лимиті асырылған жағдайда шығыс байланыс қызметіне, оның ішінде Бейнепортал қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі бұғатталады. Жазылым құны кіріс байланыс бұғатталғанша алынады.

08.07.2016 бастап, Кселл абоненттері үшін тарифтеу шарттары келесідей болып өзгертіледі: Қызметке қосылғанда, теңгерім жеткілікті болса, жазылу құны толығымен алынады, әрі қарай күн сайын тарифтеледі. Егер жазылу құны, теңгерімде қаражат жеткіліксіз болғандықтан, алынбаса, онда қызметті ұсыну тоқтатылады. Теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда, жазылу құны толық көлемде алынады және Қызмет тиісті көлемде ұсынылады. Сервистерге кіру үшін мобильді интернетті пайдаланғанда, теңгерім нөл болса (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) және несиелік лимит біткенде (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) Видеопорталдың қызметтерінің көлемі абонентке қолжетімсіз болады.

Қызметті өшіру үшін 707 нөміріне Стоп (Stop) мәтіні бар тегін SMS хабарлама жолдау қажет.

Сервис жұмысына қатысты мәселелер бойынша сізге support_vc@roscontent.ru немесе support_kcell@roscontent.ru мекекенжайына хабарласуды сұраймыз. Толығырақ - video.activ.kz.

* Қызметті Провайдер - "Фабрика мобильного контента" ЖШҚ ұсынады. Провайдер Kcell және activ абоненттеріне түрлі жадыратушы және анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын "Бейнепортал" қызметіне қолжеткізім беретін дербес компания болып табылады. Қызметтердің мазмұнына, көрсетілу сапасы мен жылдамдығына Провайдер жауапты. Провайдер Оператор, үшінші тұлғалар, абоненттер алдында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде лицензиялау, интеллектуалдық жекеменшік, авторлық және салалас құқықтарды қорғау туралы патенттік заңнаманы орындауға толық жауапты.