Дауыстық SMS

Егер Сіз SMS-хабарламаңыздың адресатқа дауыс арқылы оқылып берілгенін қаласаңыз, «Дауыстық SMS» қызметін пайдаланыңыз. Хабарламаны Қазақстан бойынша кез келген мобильді және қалалық нөмірлерге жолдауға болады.

 

1) Қазақстанның кез келген мобильді нөмірлеріне – 6060 қысқа нөміріне SMS жолдаңыз, хабарлама басында алушы нөмірін халықаралық форматта бос орынсыз көрсетіңіз: 8ХХХХХХХХХХ, +7XXXXXXXXXX. Бос орын арқылы хабарлама мәтінін жазыңыз.


Мысал:

Кімге: 6060

Мәтін: +7775ХХХХХХХ Сәлем!


2) Қалалық нөмірлерге SMS-ті екі тәсілмен жолдауға болады: 6060 қысқа нөміріне немесе бірден алушының қалалық нөмірін теруге болады. SMS қалалық нөмірге жолданғанда хабарлама «Дауыстық SMS» болып түрлендіріліп, адресатқа оқылып беріледі.


Бірінші нұсқа:

Кімге: 8727ХХХХХХХ немесе +7727XXXXXXX

Мәтін: Hello!


Екінші нұсқа:

Кімге: 6060

Мәтін: 8727ХХХХХХХ немесе +7727XXXXXXX Сәлем!

Дауыстық смс жолданған Абонентке бірден қоңырау келіп түседі, мұнда жүйе хабарламаны жолдаушы туралы ақпаратты айтып, дауыстық смсті қалай тыңдауға болатыны туралы хабардар етеді.

Қызметті роуминг барысында және Қазақстаннан тысқары жерлерге қоңырау шалу үшін пайдалану мүмкін емес.


Абонентке үш кезеңде қоңырау шалынады:

Бірінші кезең 15 минут ішінде– 4 қоңырау шалу талпынысы;

Екінші кезең 2 сағат ішінде – 6 қоңырау шалу талпынысы;

Үшінші кезең 20 сағат ішінде – 20 қоңырау шалу талпынысы;

Сондай-ақ екінші және үшінші кезеңдер үшін сағат 20:00 - 9:00 аралығында қоңырау шалуға тыйым салынған.


Бір дауыстық SMS-те барынша 160 таңба (латын) және/немесе 70 таңба (кириллица) беруге болады.

Бір дауыстық хабарламаны жолдау құны – Қазақстанның барлық қалалық және мобильді нөмірлеріне 25 тг.

«Дауыстық SMS» алатын Абонент хабарламаны тегін тыңдайды.