Дауыстық пошта

Сізге қоңырау шалынған уақытта Сіз қоңырауға жауап бере алмасаңыз, «Дауыстық пошта» қызметімен Сіз бір де бір қоңырауды жіберіп алмайсыз. Қоңырауларыңызды дауыстық пошта нөміріне (2000) бағыттаңыз. Сізге қоңырау шалатын әр адам Сіздің сәлемдік хабарламаңыз бен дыбыстық белгіден кейін Сізге дауыстық хабарлама қалдыра алады. Дауыстық хабарлама алғаныңызды Сізге қысқа хабарлама мәлімдейді.

 

Дауыстық поштаны орнату үшін қоңырауларыңызды қажет комбинацияларды теру арқылы 2000 нөміріне бағыттаңыз:

Барлық кіріс қоңырауларды бағыттау үшін **21*2000# теріңіз.

Жауап жоқ кездегі қоңырауларды бағыттау үшін **61*2000# теріңіз.

Өшірілген немесе байланыс аясынан тыс жердегі қоңырауларды бағыттау үшін **62*2000# теріңіз.


Бағыттаудың барлық түрлерінен бас тарту үшін: ##002# теріңіз.


Сілтеушісі.


Бас мәзір. Егер Сізде ең болмағанда бір хабарлама болса:

1 – Жаңа хабарламаға ауысу; 3 – Жеке реттеулерге ауысу; * - Қосымша ақпарат алу.

Жеке реттеулерді басқару мәзірі:

1 - Тілді таңдау; 2 - Мәлімдемелерді реттеу; 3 - Сәлемді реттеу; 4 - Парольді басқару; * - Бас мәзірге оралу.

Егер Kcell немесе Activ абонентінің нөмірі Дауыстық поштаға бағытталған болса, оған сәлемдік хабарлама мен дыбыстық сигналдан кейін дауыстық хабарлама қалдыруға болады.

Кіріс дауыстық хабарламаның барынша ұзақтығы 120 секунд.

Жәшікке 20 дауыстық хабарламаға дейін сыяды.

2000 нөміріне бағыттау - 0 тг.

Хабарламаларды тыңдау (2000 нөміріне қоңырау шалу) – 0 тг.

Хабарламаны жазу – қалдырылған хабарлама қызмет автожауапшысымен қосылған сәттен бастап абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес тарифтеледі.