Қоңырауды күту

Егер кіріс қоңырау абонентке ол сөйлесіп жатқан кезде келетін болса, абонент созылыңқылығы бірнеше дыбыс және ұзақтығы 10 секунд дыбыстық белгі естіп, экранда телефон шалып тұрған адамның аты мен нөмірін көреді және екінші қоңырауға жауап беруге немесе оны қабылдамауға мүмкіндігі болады.

 

Сөйлесіп жатқан абоненттің нөмірін терген абонент әдеттегідей емес ұзақ дыбыс, содан кейін «Абонент нөмірі бос емес. Жауапты күте тұрыңыз немесе кейінірек хабарласуыңызды өтінеміз» деген автожауапшының жауабын еститін болады. Мәтін алдымен қазақ тілінде, одан кейін орыс және ағылшын тілдерінде айтылатын болады, артынша қайтадан қайталанады.

Аталмыш өзгеріс сөйлесіп жатқан абонентті оған екінші желі бойынша қоңырау келіп түскендігі туралы хабардар етіп қана қоймай, телефон шалған абонентке ол екінші желіде тұрғандығын хабарлауға мүмкіндік береді.

  • 2 басу арқылы абонент ағымдағы байланысты үзбей, келіп түскен қоңырауға жауап бере алады.
  • Тағы бір рет 2 басу арқылы бірінші қоңырауға қайтып орала алады.
  • Ағымдағы байланысты аяқтау үшін тоқтату тетігін немесе 1 басу керек.
  • Егер абонент келіп түскен қоңырауға жауап бергісі келмесе 0 басу керек - бұл жағдайда қоңырау шалған абонент «бос емес» дыбысын естиді.
  • Қоңырауды күту тәртібін өшіріп тастау үшін #43#.
  • Қоңырауды күту тәртібін қайтадан қосу үшін *43#.

Қоңырауды күту қызметі Kcell/activ-тің барлық абоненттері үшін тегін ұсынылады.
Қоңырау соғып тұрған абоненттің шығыс байланысы байланыс ұзақтығына қарай оның тарифтік жоспарына сәйкес тарифтеледі.
Қоңырауды күту қызметін барлық тарифтік жоспарларда пайдалануға болады.