Жылдық интернет +

  "Жылдық интернет +"
толық құнына
"Жылдық интернет +"
ақысын бөліп төлеумен
Трафик
(ай сайын)
20 GB × 12 ай
Трафик асырылған
жағдайдағы тарифтеу
50 тиын/MB
Құны 14 970 ₸
Ақысын бөліп
төлеу
0 ₸ Алғаш 3 айда
4 990 ₸
Қосу USSD *444*8*1*1# *444*8*1*2#

Қызметті қосқан кезде Абонентке 12 бойы ай сайын жылдамдығы төмендемейтін 20 GB интернет-трафик беріліп тұрады.

Көрсетілген интернет-трафик көлемі таусылғаннан кейін кейінгі трафик келесі трафик жүктелгенше 1 MB үшін 50 тиыннан* есептеледі.

Интернет-трафиктің 20 GB ай сайын қызмет қосылған күні, ондай күннің болмаған жағдайында айдың соңғы күні беріледі.

Пайдаланылмаған интернет-трафик көлемі келесі айға ауыспайды және жинақталмайды.

Трафик қалдығын тексеру: *444*8*3#

"Жылдық интернет +" қызметін ақысын бөліп төлеумен қосқан кезде 4 990 теңге* көлеміндегі ай сайынғы төлем Қызметті қосылған кезде алынып, содан кейін 30 күн сайын Астана қ. уақытымен 00:00 - 02:00 аралығында алынатын болады.

Астана қ. уақытымен 00:00 - 02:00 аралығында екінші және үшінші Ай сайынғы төлемді алу үшін теңгерімдегі қаражаттың жеткіліксіз болған жағдайында Қызмет бойынша бонустық қызметті пайдалану мүмкіндігі уақытша жабылады. Келесі 92 (тоқсан екі) тәулік ішінде теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда Қызмет бойынша Ай сайынғы төлем толық көлемде алынып, Қызмет бойынша бонустық интернет-трафик көлемін Қызмет шарттарына сәйкес келесі Ай сайынғы төлем алынғанша пайдалануға болады. Ай сайынғы төлемнің алыну сәтіне дейін Абоненттің мобильді интернеті 1 MB үшін 5 теңгеден* тарифтеледі.

Егер 92 (тоқсан екі) күн ішінде Ай сайынғы төлем алынбаса, Қызмет өшіріледі.

Қызметке қосылу *444*8*1# теру арқылы жүргізіледі.

Kcell Сenter арқылы жазбаша өтініш бойынша.

Қызмет бойынша интернет-трафик қалдығын тексеру *444*8*3# теру арқылы жүргізіледі.

Қызметтің абонент бастамасымен өшірілген жағдайында оның құны толықтай немесе жартылай қайтарылмайды. Бұл ретте пайдаланылмаған трафик нөлденеді.

* Құны – ҚҚС есебімен.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.

 

Қосымша шарттар

  • Қол жеткізудің барынша жоғары жылдамдығы құрылғының (телефон, модем, смартфон т.б.) техникалық сипаттамаларына, оның орналасқан жеріне, сигнал күшіне, сондай-ақ желі жүктемесіне байланысты болады.
  • Әрекеттегі интернет сессия барысында іске қосылған Қызметі әрекет етпейді. Мұндай интернет сессия қалыпты тарифке сәйкес есептеледі. Осындай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып, интернетті пайдалануды қызмет іске қосылғаннан кейін ғана жалғастыру қажет.
  • Қызмет тек Мобильді интернет сервисі үшін ғана абоненттік құрылғыда internet қол жеткізу нүктесі реттелген жағдайда ғана көрсетіледі.
  • Тарифтік есептеу қадамы: 1 KB.
  • Қызмет роумингте жарамсыз.
  • Бір уақытта қызметтердің біреуін ғана қосуға болады.
  • Қызмет бойынша интернет-трафикті кез келген теңгерім қалпында пайдалануға болады.
  • Бағалардың барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген.

Үйлесімдігі

Қызметті Абонентте төмендегілердің қосылған жағдайында қосу мүмкін болмайды:

  • Төмендетілген жылдамдықта трафиктің шектеусіз көлемін ұсынумен келесі қызметтердің бірі қосылған: "Лимитсіз Интернет", "Жылдық Интернет", "Жартыжылдық Интернет", "Тоқсандық Интернет";
  • "Келісімшарттық телефон" және "Тиімді смартфон" науқандары бойынша әрекеттегі келісімшарт бар.

Қызметті интернет-трафиктің белгілі бір көлемін беру шарты бар тарифтік жоспармен қатар қосуға болады. Бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Қызмет бойынша да, тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған жағдайда мобильді интернет Қызмет шарттарына сәйкес Қызмет бойынша трафиктің келесі жүктелуіне дейін немесе тарифтік жоспар бойынша трафик берілуіне дейін, осы жайттардың қайсысы бірінші орын алуына байланысты, береледі.

Қызметті басқа интернет қызметтермен қатар қосқанда алыдмен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады.

Осы үйлесімдік шарттарын Оператор толықтыра немесе өзгерте алады.