zero.activ.kz

«Бастапқы бет» автоматты қызмет көрсету жүйесі ағымдағы нөлдік теңгерімі және нөлдік интернет-трафик қалдығы бар activ абоненттері* үшін кез келген http-ресурсқа өту барысында автоматты түрде ашылады.

Сондай-ақ «Бастапқы бетті» барлық activ абоненттері планшеттерден, роутерден ғана емес, смартфондар мен Интернетке шығатын телефондардан да браузерден zero.activ.kz мекенжайын терген кезде пайдалана алады.

«Бастапқы бет» тегін автоматты сервисі келесілерге мүмкіндік береді:

  • Сәйкестендіру жүргізілген жағдайда негізгі теңгерім қалдығы туралы ақпарат алу;
  • «Онлайн төлем» және «Автотөлем»** қызметінің шеңберінде теңгерім толтыру;
  • «Экстра теңгерім» қызметінің шеңберінде байланыс қызметтерін төлеуді кейінге қалдыру және белгілі бір сомаға байланыс қызметтерін пайдалану құқығын алу**
  • «Мобильді көмек» қызметінің шеңберінде бірлік беру сұранымын жолдау**
  • activ төлем ваучерін жүктеу***.

* Сервисті барлық activ абоненттері абоненттік нөмірдің сәйкестендірілген және «Кселл» АҚ желісі арқылы интернет желісіне қосылу қызметтерін пайдаланған жағдайда қолдана алады. Басқа байланыс операторларының желілерін пайдаланған жағдайда Сервис функционалын іске қосу мүмкін болмайды. Абонент «Бастапқы бет» автоматты жүйесін пайдаланбас бұрын сілтеме арқылы пайдалану шарттарымен танысуы тиіс. «Бас бет» функционалын пайдалану Абоненттің пайдалану шарттарымен келісетіндігін білдіреді.

** Осы қызметтер осы қызметтер үшін ескерілген қалыпты шарттар мен тарифтерге сәйкес ұсынылады.

*** Толтыру карталарын activ абоненттері ғана жүктей алады.