Теңгерім толтыру мүмкіндіктері

Барынша қауіпсіз, ыңғайлы, жылдам әрі комиссиясыз. Теңгерім толтыруға артық уақыт жұмсағылары келмейтіндер үшін. Оған қоса Сізге орныңыздан қозғалудың да керегі жоқ.

Онлайн төлем

Телефон нөмірі
Сома
Төлемнің ең төменгі сомасы - 200 теңге. Күніне төленетін төлемнің ең жоғарғы сомасы бір Абоненттік нөмірге 40 000 теңгені құрайды.
Мен ережелерді оқыдым, келісемін және онлайн төлем талаптарын қабылдаймын. Мен тексеріп шықтым және аталмыш абоненттік нөмірге таңдалған соманы төлеу ниетімді растаймын. Барлық ақпаратты дұрыс енгіздім.

Төлем төлеу қауіпсіздігі мақсатында Сіздің төлем карточкаңыздың деректерін нақ осы https://epay.kkb.kz сайтында енгізетіндігіңізге көз жеткізу қажет.

Автотөлем

Автотөлем қызметін үш нұсқада пайдалануға болады:

Шот шектік мәнге — 100 ₸** жеткенде теңгерімнің автоматты түрде


Бұл не үшін қажет?

1. Кез келген банктің төлем картасы

2. Қызметті қосу

Сіздің нөміріңіз:
Банк картасының нөмірі:
«Автотөлем» қызметін қосу үшін «Қосу» батырмасын басыңыз

Құттықтаймыз!

{{msisdnNumber}} нөмірінде Автотөлем қызметі қосылған

Кесте бойынша: күнделікті, апта сайын немесе ай сайын

Бұл ережені қосу үшін жеке кабинетте авторлану қажет

USSD-пәрмен арқылы теңгерімнің сұраным бойынша

Бұл ережені қосу үшін жеке кабинетте авторлану қажет


«Кселл» АҚ осы төлемдерге еш комиссия алмайды.

«Автотөлемді» нөмірі жеке тұлға атына тіркелген және кез келген банк шығарған және Интернеттегі төлемдер үшін ашық Visa, MasterCard, Maestro, American Express, банктік төлем картасының иегері — activ абоненті қоса алады.

Өз нөміріңіздің немесе жақындарыңыздың нөмірлерінің теңгерімін автоматты толықтыруды баптаңыз – телефонда 100 немесе одан аз теңге қалған бойда теңгерім дереу сіздің банктік шотыңыздан толықтырылады.

Қызметті кімдер қоса алады?

Нөмірі жеке тұлғаға рәсімделген және әріптес-банкпен Банктік шот шартын жасасқан және/немесе банктік төлем картасының ұстаушысы болып табылатын Kcell/activ абоненті.

Қызметті қалай қосуға болады?

Қызметті қосу үшін әріптес-банктің кез келген бөлімшесіне жүгініп, өтініш толтырыңыз. Сіздің немесе жақындарыңыздың абоненттік нөмірлерінің шотын толықтыратын соманы белгілеңіз. Өтініш бергеннен кейін қызметке қосылатындығыңызды растау үшін Сіздің абоненттік нөміріңізге автоматты түрде жіберілетін SMS-ке жауап беріңіз.

Қызметті әріптес-банктің кез келген бөлімшесінде өшіруге болады.

Құны қандай?

Қызмет тегін ұсынылады. Банк тарапынан төлем комиссиясы жоқ.

Әріптес-банктер:

  • «Банк ЦентрКредит» АҚ: www.bcc.kz, 8 8000 8000 88 (мобильді телефоннан тегін)
  • Жинақ банкі: www.sberbank.kz, 5030 (мобильді телефоннан тегін)
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ, www.halykbank.kz, +7 (727) 259-07-77

Байланыс қызметтерін «Kaspi Bank» АҚ интернет-бөлімшесі арқылы тәулік бойы төлеуге болады.

Сіз комиссиясыз Kaspi Bank депозитінен, Kaspi Bank кез келген картасынан, Kaspi әмияннан, Kaspi Бонус бағдарламасы бойынша жиналған бонустармен төлей аласыз.

Kaspi Bank картасынан, депозитінен, Kaspi әмияннан сатып алғаныңыз және төлегеніңіз үшін сіз жұмсалған соманың 5% дейін бонус аласыз.

Жиналған бонустарды бірден kaspi.kz-те қызметтерді төлеуге жұмсауға болады. 1 бонус — 1 теңге.

Толығырақ: https://kaspi.kz/ сайтында.

• Тәулік бойы «Қазақстан Халық банкі» АҚ homebank.kz, www.myhalyk.kz интернет-банкингі: myhalyk.kz, homebank.kz

Eсептік-кассалық бөлімдер /банкоматтар/банктік терминалдар;

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы «Халық банкінің» Контакт-орталығына хабарласа аласыз:

+7 727 2 590 777 (Алматы қ. үшін);
88000800059 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)
немесе https://halykbank.kz/ сайтын қараңыз.

Байланыс қызметтерін төлеу тәсілдері:
  1. Тәулік бойы жеке тұлғалар үшін «Сбербанк ОнЛ@йн» интернет-банкингі арқылы 24/7 режимінде;
  2. Есеп-айырысу касса бөлімдерінде (ЕАКБ)
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ келесі телефондар арқылы «Сбербанк» АҚ ЕБ байланыс орталығына хабарласа аласыз: +7 727 2 503 020 (Алматы қ. үшін);
5030 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)
немесе http://www.sberbank.kz/ сайтын қараңыз.

Байланыс қызметтерін төмендегі тәсілдермен төлеуге болады:

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы Центркредит банкінің Контакт-орталығына хабарласа аласыз: 8 (727) 2 443 000 (Алматы қ. тұрғындары мен қонақтары үшін) немесе 8 8000 8000 88 (Қазақстан үшін қоңырау тегін), немесе www.centercredit.kz сайтын қараңыз.

Байланыс қызметтерін төмендегі тәсілдермен төлеуге болады:

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы АТФ банкінің Контакт-орталығына хабарласа аласыз: 8 (727) 2 583 000 (Алматы қ. тұрғындары мен қонақтары үшін) немесе 8-8000-800-283 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), 2424 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) немесе www.atfbank.kz сайтын қараңыз.

Байланыс қызметтерінің ақысын тәулік бойы төлеуге болады: ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ ұсынатын «Online VTB» Интернет-Банкинг жүйесі арқылы.

Kcell/activ абоненттері өз абоненттік нөмірлерінің теңгерімін қолма-қол ақшамен төлем терминалдары арқылы толықтыра алады.

Төлем терминалы – абонент шотына ақша қаражатын аударуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыздандырумен жарақталған жабдық.

Төлемді қалай төлеуге болады?

Kcell/activ ұялы байланыс операторын таңдаңыз, телефон нөмірін көрсетіңіз және экрандағы тиісті түймені басу арқылы теңгерімді 200 теңгеден жоғары кез келген сомаға толықтырыңыз.

Назар аударыңыз: Төлем шотқа түскенге дейін чекті сақтап қою қажет! Нөмір немесе бренд (Kcell/activ) дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Сізге төлем терминалында немесе төлем чегінде көрсетілген телефон нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласу қажет болады.

Төлем терминалдары бойынша байланысу деректері:

Төлемдерді қабылдау операторы Байланыстар
QIWI
("QIWI Kazakhstan" ЖШС)
Әр терминалдың техникалық қызмет көрсету желісі бар.
Жалпы техникалық қызмет:
8 (727) 356 12 12
support@qiwi.kz
"Киберплат
Қазақстан" ЖШС
+7 (727) 250 85 63
+7 (727) 250 85 64
Төлемдерден бас тарту:
otmena_kz@cyberplat.com
kovalenko@cyberplat.com
y.ivanov@cyberplat.com
"ASTANA-PLAT"
ЖШС (Kassa24)
Жалпы техникалық қолдау қызметі
+7 (778) 667 29 19
support@kassa24.kz
Аймақтар бойынша
техникалық қолдау
қызметінің телефондары
"Платежные экспресс
системы" ЖШС
+7 777 6666 555, plat_exp_sist@mail.ru
Kaspi Bank АҚ

9999, мобильді телефоннан тегін

help@kaspi.kz

«Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ +7 (727) 250 30 20 - Алматы қ. үшін
8 8000 808 808 - Қазақстанның барлық
аймақтары үшін (тегін желі);
5030 - Қазақстанның барлық
мобильді операторлары
үшін (тегін желі)

Activ төлем картасы – сатып алынатын бірліктер саны көрсетілген карта. Қорғаныс қабатының астында осы бірліктерді жүйеге енгізуге мүмкіндік беретін 13 таңбалы құпия код сақталған. Activ төлем карталары 500, 1 000, 2 000 және 5 000 бірлік номиналымен шығарылады.

Картаны пайдалану ережелері:

  • Картаның 13 таңбалы кодын білу үшін қорғаныс қабатын өшіріңіз;
  • Мобильді телефоннан 7070 бірліктерді жүктеу дауыстық қызметінің нөмірін теріңіз;
  • Картаның 13 таңбалы кодын, содан соң * белгісін енгізіңіз.

Немесе *110* 13 таңбалы Актив-картасының коды # OK теріңіз.

Карта кодын енгізгеннен кейін шотыңызға сатып алынған карта номиналы мөлшеріндегі сома түседі.

Егер Сізге толықтыруды өздігіңізден орындау қиын болса, картаны activ сервистік қызметіне қоңырау шалу арқылы жүктеуге болады. Оператор Сізге картаны іске қосуға көмектеседі. Бұл үшін операторға нөмірдің кімнің атына рәсімделгенін айту қажет, содан соң ол 13 таңбалы жүктеу нөмірін атауыңызды өтінеді. Код түсінікті және дұрыс аталса, оператор Сізге төлемнің сәтті жасалғаны туралы айтады, ал сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келіп түседі.

Құрметті аctiv абоненттері! Компанияның 01.03.2019ж. дейін шығарған activ төлем карталарын қосқан кезде, теңгерімдегі қаражат бірліктерде есепке алынады, бірақ теңгерімді сұратқанда теңгемен көрсетіледі. Компанияның 01.03.2019ж. кейін шығарған activ төлем карталарын қосқан кезде, абонент теңгеріміндегі қаражат теңгемен есепке алынады және көрсетіледі, бұл ретте орындалған жұмыстар актісі және электрондық салықтық шот-фактура айдың қорытындысы бойынша тек көрсетілген қызметтерге жұмсалған қаражат сомасына ғана теңгемен беріледі.